Сарыағаштық шебер ұстаз жаз маусымында оқушыларды шығармашылыққа үйретуде — Xnews — ақпарат агенттігі

Сарыағаштық шебер ұстаз жаз маусымында оқушыларды шығармашылыққа үйретуде

Ауыл балаларын шығармашылық шеберлікке шыңдап жүрген ұстаз Сарыағаш ауданына қарасты Дарбаза ауылындағы №63 жалпы білім беретін мектебінде ұстаздық қызмет етеді. Технология пәнінің мұғалімі Бахтияр Полатбеков 20 жылдан аса уақыт шәкірттерін біліммен қатар, еңбекке баулып, шығармашылықтың шыңына шығаруда,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазіргі жазғы демалыста да ауыл балаларын қолөнер туындыларын жасауға бағыттап, уақыттарын ұтымды пайдалануға үйретіп отыр.

Балалардың көз сүріндіретін туындыларынан мектепте көрме де жасақталған: қазақтың ұлы тұлғаларының портреттері, тарихтағы батырлар мен ауыл тынысын бейнелейтін картиналар, ұлттық аспаптар сынды қолөнер бұйымдарын жасауда.

20 жылдан астам балалардың танымын кеңейтіп, шығармашылығын дамытқан ұстаздың шәкірттері де осал емес. Алды аудандық, облыстық ғылыми-шығармашылық жарыстарда топ жарып жүр. Республикалық «Алтын қазына» көркем және сәндік қолданбалы өнер бойынша көрмеге қатысып, аудандық, облыстық кезеңінде жүлделі орынды иемденгендері де бар.

Шығармашыл ұстаз көпшілікке ағаш шебері деген атпен таныс. Ағаштан түйін түйіп, жасаған түрлі бұйымдары мәдени шараларда көпшіліктің назарына көрме ретінде ұсынылады. Енді ұстаздың туындыларының қатарында өз шәкірттерінің өнерлері қатар тұруда. Ауыл мектебінің ұстазы осылайша ұлттық өнер түрін жаңғыртып жүр.

x

Check Also

Түркістан облысы АҚШ компанияларымен ынтымақтастықты нығайтады

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров АҚШ-тың Алматы қаласындағы Бас консулы Питер Кауфманмен кездесті. Кездесуде өңіраралық ынтымақтастықты дамыту, америкалық инвестицияны тарту, ...

Ордабасының мақтанышы – әлем чемпионатының күміс жүлдегері!

Қытай Халық Республикасының Нинбо қаласында өтіп жатқан ауыр атлетикадан әлем чемпионатында Ордабасы ауданының тумасы Нұрғиса Әділетұлы күміс жүлдегер атанып, Қазақстан ...