М.Таңғатаров: Тапсырмалар мерзімінде әрі сапалы орындалуы керек

Сауран ауданы әкімі аппаратының мәжіліс залында аудан әкімі Мақсат Таңғатаровтың төрағалығымен ауданның апталық мәжілісі болып өтті. Мәжіліске аудан әкімінің орынбасарлары, кеңесшілері, дербес бөлім басшылары, ауылдық округ әкімдері және тиісті сала басшылары қатысты,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Сауран ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мәжілістің күн тәртібінде 2 мәселе қаралды. Онда 2024 жылғы 6 айлық рейтингтің күтілімді орындалуы туралы экономика және қаржы бөлімінің басшысы Ильяс Мырзахметов баяндама жасады. Бұдан соң, аудан әкімінің көшпелі жеке қабылдауында көтерілген мәселелер мен облыс әкімінің аудан тұрғындарымен кездесуіндегі жеке қабылдауда көтерілген мәселелер бойынша құжаттандыруды қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Мөлдір Темірхан, ұйымдастыру инспекторлық бөлімі басшысының міндетін уақытша атқарушы Ернар Жанаділ хабарлап өтті.

Мәжілісте аудан әкімі Мақсат Таңғатаров күн тәртібінде қаралған мәселелер бойынша дербес бөлім басшылары мен ауылдық округ әкімдеріне нақты тапсырмалар берді.

x

Check Also

Түркістанда Шауғар тұрғындарының мәселелері тыңдалды

Бүгін Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы кезекті көшпелі кездесу аясында Шауғар секторының тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында қала басшысы 2024 жылы ...

Түркістан қаласы, Сауран секторында инфрақұрылымдық жобалар қарқынды жүзеге асырылады

Бүгін Түркістан қаласының әкімі кезекті көшпелі кездесулер аясында Әзімбек Пазылбекұлы Сауран секторының тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында қала басшысы 2024 жылы ...