Жетісайдың қауындары сұранысқа ие

Түркістан облысы, Жетісай ауданының еңбекқор шаруалары биыл 79,3 мың гектар суармалы жердің 40,8 мың гектарына мақта шитін сепсе, 20,1 мың гектар жерге – бақша, 7,2 мың гектар жерге – дәндік жүгері, 3,3 мың гектар жерге көкөніс пен 6,3 мың гектар алқапқа жоңышқа дақылын екті,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жетісай ауданының әкімі Серік Мамытов жергілікті шаруалармен кездесіп, жұмыстарының жай-күйімен танысты. Еркін форматта әңгімелесіп, өзекті мәселелерді ортаға салды. Шаруалардың айтуынша, ақпанда отырғызылған көшеттер ауа-райының қолайсыздығы салдарынан мерзімінен кештеу піскенімен, сұранысқа ие. Қазіргі уақытта өнімдер Ресей Федерациясына экспортталып жатыр.

«Биыл қауынымыз жылдағыдан кештеу пісті. Сұраныс та жақсы. Ағын судан қиыншылықтар болғанымен, тапшылық сезілмеді. Бүгінде өнімдерімізді ешқандай делдалсыз егістік басынан өзіміз көліктерге тиеп, Ресейге жіберіп жатырмыз» – дейді шаруалар.

Айта кетейік, биылғы жылы аудандағы суармалы жердің 20 мың гектарына егілген бақша дақылдарының 16 мың гектары қауын болса, 4 мың гектары қарбыз дақылы. Ал, өткен жылы 18 780 гектар алқапқа егілген бақшаның 14 мың гектары қауын, 4,6 мың гектары қарбыз болған. Былтыр жалпы алынған өнім көлемі 514,3 мың тоннаны құраған.

x

Check Also

Представители СМИ посетили рудник «Заречное»

АО «НАК «Казатомпром» организовало пресс-тур на рудник своего дочернего предприятия АО «СП «ЗАРЕЧНОЕ», расположенный в Отырарском районе Туркестанской области. Поводом ...

БАҚ өкілдері Қазатомөнеркәсіптің «Заречное» кеніші жұмысымен танысты

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Түркістан облысының Отырар ауданында орналасқан «ЗАРЕЧНОЕ» БК» АҚ еншілес кәсіпорнының кенішіне баспасөз турын ұйымдастырды. Іс-шараны өткізуге әлеуметтік ...