Инвестиция — халыққа үлкен нәсіп

Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан халықаралық қоғамдастықпен жан-жақты ынтымақтастыққа әрқашан дайын. Еліміз бен халқымыздың игілігі үшін серіктестерімізбен арадағы тығыз байланыстарды нығайту ісін жалғастырамыз. Біздің «ашық есік» инвестициялық саясатымыз да өзгермейді» деген еді.

Елге сырттан ірі инвесторлар келсе айғайға аттан қосып, елдің құлағын көтеріп әбігерге салатындар бар. «Жеріңді алып қояды». «Табиғатыңды талан-таражға салады». Осындай әңгіме көтерілгенде Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің бір метр жері шетелдіктерге сатылмайтындығын мәлімдеген болатын. Әрине, ғылыми-технологияң, адам ресурсы, қаржың жетіп жатса алып концерндерді өзің салғанға не жетсін. Алайда, ең кереметпің дейтін мемлекеттердің өзі сырттан келетін инвестор тәуекеліне тәуелді. Бұл әбден дәлелденген аксиома.

Бүгінгі Сингапур-әлемдегі ең қуатты, бай мемлекеттердің бірі. Бірақ, Ли Куан Ю осы елдің басшылығына келгенде әбден сіңірі шыққан кедей ел, болашағы бұлдыр болғанын жұрттың көпшілігі біле бермейді. Теңізге сұғынып жатқан, қазба байлықтары жоққа тән осы кедей мемлекетті Ли Куан Ю ондаған жылдардың ішінде әдемдегі бақуатты мемлекеттердің қатарына қосты. Инвесторлар көмегімен. Сырттан келген инвестор ештеңе арқалап кеткен жоқ. Жаңа өңдіріс орындарын ұсынды. Ғылым мен технологияның соңғы жетістіктері безбенге түсті. Күні кеше ғана тақиясын жамап жүрген Сингупур әлем санасатын мықты мемлекеттердің санатына кірді.

Сондықтан, ірі инвесторлар Қазақстанға қызығушылық танытып жатса, үрей шақырудың қажеті жоқ.

Басқа өңірлермен салыстырғанда адами ресурсына бай Шымкентке де мықты инвесторлар көп керек.

Өткенде Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков пен «Fujian Hengwang Investment Co., Ltd» компаниясының басқарма төрағасы Лю Юнмин қалада металлургиялық зауыт салу туралы меморандумға қол қойды. Меморандум алдыңғы кездесудің қорытындысы бойынша қол жеткізілген келісімдер аясында жасалды.

Жобаны жүзеге асыру барысында компания қала экономикасына 1 миллиард 750 миллион АҚШ долларын инвестициялап, мың жаңа жұмыс орнын ашады. Үш кезеңдік металлургиялық зауыт бес жыл ішінде салынады. Жылдық өндірістік қуаты бес миллион тоннаға жетеді. Кәсіпорын экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін әлемдегі ең озық технологияларды пайдаланатын болады.

Айта кетейік, Fujian Hengwang Investment Co., Ltd компаниясы болат өндірісі мен халықаралық саудада үлкен тәжірибесі бар Jiangsu Coastal Steel Group Co., Ltd ірі корпорациясының бөлігі болып табылады.

Сондай-ақ қалада қуаттылығы 500 МВт-қа дейін жететін комбинирленген циклді станса салу жобасы да жүзеге асырылуда. Құны шамамен 700 миллион АҚШ долларын құрайтын инвестициялық жоба тұрғындарды сапалы электр және жылу энергиясымен, сондай-ақ ыстық сумен қамтамасыз етуге бағытталған.

Сонымен қатар, ірі түрік компаниясы Alarko Holding жаңа форматтағы жылыжай кешенін салуда. 650 миллион АҚШ долларын бөліп отыр. Инвестициялық жоба жалпы көлемі 500 гектар аумақта екі мың жаңа жұмыс орнын кезең-кезеңмен ашуға, азық-түлік қауіпсіздігін және жаңа өндірістерді енгізу арқылы жылыжай бизнесін дамытуға ықпал етеді.

Қуантарлық жағдай, биылғы жылдың қаңтар айынан бастап қаланың әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің динамикасында жақсы өзгерістер байқалған. Инвестиция көлемі 145,8 млрд. теңгеге жетіп отыр. Салыстырмалы түрде айтсақ, мемлекеттік инвестиция көлемі 21,6 млрд. теңге болса, жеке инвестиция 124,2 млрд. теңгеге жеткен.

Бұл-жақсы нышан. Бір инвестордың өзі мыңға жуық жұмыс орнын ұсынып отырса, қаладағы жұмыссыздық мәселесі әбден жеңілдейді. Яғни, Шымкентті үлкен жақсылықтар күтіп тұр.

Бақтияр Байдуллаұлы
Xnews.kz ақпарат агенттігі

 

x

Check Also

Шымкентте 2024-2025 жылдардағы жылыту маусымының қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары күшейтілуде

Шымкент қаласында 2024-2025 жылдардағы жылыту маусымында төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатыр. Осы мақсатта 15 тамыз бен ...

Шымкент: Дабыл жүйесі тексеріледі! Проверка системы оповещения!

Құрметті Шымкент қаласының тұрғындары мен қонақтары! 21 қараша күні сағат 11:00-де «Қыс-2024» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығулары аясында “Дабыл жүйесін тексеру” жүргізіледі. ...