Грант конкурсына 100 мыңға жуық өтініш келіп түсті

20 шілдеге дейін білім беру гранттарын тағайындау конкурсына 100 мыңға жуық өтініш келіп түсті,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі

Талапкерлердің басым бөлігі құжаттарын үш республикалық маңызы бар қаланың жоғары оқу орындарына тапсырып жатыр: Алматы (38 мың), Астана (20 мың) және Шымкент (6 мың).

Талапкерлердің таңдауы ішінде ең сұранысқа ие бағыттар қатарында «Педагогикалық ғылымдар» (25 мың), «Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары» (16 мың) және «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» (13 мың) қалып отыр.

Білім беру бағдарламаларының тобына келетін болсақ, ең көп өтініш «Ақпараттық технологиялар» — 11 мың. Ары қарай «Дене шынықтыру мұғалімдерін даярлау» — 5 мың өтініш келіп түскен. Үшінші орында «Шет тілі мұғалімдерін даярлау», оны 4 мың талапкер таңдаған.

Талапкерлердің назарына, грант конкурсына өтініштер қабылдау барлық өңір талапкерлері үшін 24 шілдеге дейін жалғасатындығын хабарлаймыз.

Құжаттарды қабылдау еGov арқылы онлайн форматта немесе жоо-лардың қабылдау комиссиялары арқылы офлайн форматта жүзеге асырылады. Сондай-ақ, ЖОО-да виртуалды қабылдау комиссиясы жұмыс істейді. Құжаттарды кез келген ЖОО (орналасқан жері бойынша) арқылы тапсыруға болады.

x

Check Also

Новое пожарное депо в Доссоре защитит 15 тысяч жителей

В посёлке Доссор Атырауской области открылось новое пожарное депо. Оно обеспечит противопожарную безопасность для более 15 тысяч человек в радиусе ...

Доссор кентіндегі жаңа өрт сөндіру депосы 15 мың тұрғынды қорғайды

Атырау облысының Доссор кентінде жаңа өрт сөндіру депосы ашылды. Ол 40 шақырым радиустағы 15 мыңнан астам адамның өртке қарсы қауіпсіздігін ...