Ағылшын тілінің маңыздылығы туралы Workshop өтті

Turkistan hub-тың ұйымдастыруымен ІТ және «Болашақ» бағдарламасындағы ағылшын тілінің маңыздылығы туралы workshop өтті,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аталмыш іс-шараға оннан астам жас қатысып, онда «Болашақ» бағдарламасының түлегі Марат Айнабеков спикер болды. Ол Бирмингем университетіндегі тәжірибесімен бөлісіп, IELTS 7.0 деңгейіне қалай жеткені туралы айтты. Сондай-ақ ІТ мамандары үшін сыни ойлаудың артықшылықтарына тоқталды.

– Шетелде оқитын студенттерге лекция ағылшын тілінде өтетіндіктен IELTS-тен жоғары балл жинаудың артықшылығы көп. Себебі, ағылшын тілін жоғары меңгерген студенттер сабақты да жақсы түсіне алады. Бұл көптеген мүмкіндіктердің ашылуына септігін тигізеді. Сонымен қатар ол жақтағы ақпараттардың бір өзгешелігі – нақтылықты қажет етеді. Яғни, айтылған сөз дәлелдемелермен түсіндірілуі тиіс. Ақпаратты тарату алдында оның шындыққа жанасатындығын көрсететін фактілер болуы қажет, – деді спикер.

Айта кетейік, Марат Фаритұлы қазіргі таңда Түркістан облыстық цифрландыру, мелекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының басшысы болып қызмет атқарады.

x

Check Also

Түркістанда халықаралық талапқа сай кілем фабрикасы салынады

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды түркиялық кәсіпкер әрі инвестор Искендер Капланмен кездесті. Кездесу барысында Түркістанда ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асыру ...

Келесі жылдары білім гранттарының саны артады — министрлік

Ғылым және жоғары білім министрлігі үш жылдық бюджетте мемлекеттік білім беру гранттарының санын көбейту мүмкіндігіне қатысты түсінік берді. — Қазақстан Республикасында ...