Түркістандық жас шахматшылар жеңіспен оралды — Xnews — ақпарат агенттігі

Түркістандық жас шахматшылар жеңіспен оралды

Түркістандық жас шахматшылар Әсия Асылхан мен Нұрислам Сұлтанхан кезекті жарыстан жеңіспен оралды,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шахматтан Алматы қаласында өткен Азия чемпионатында жерлестеріміз жүлделі орындарды иеленді. Атап айтқанда, Әсия шахматтың классика түрінен 1-ші, блицтен 2-ші орын алса, Нұрислам блиц түрінен жүлделі үшінші орынды жеңіп алып, көпшілікті қуантты.

Екі шахматшы да Түркістан қалалық «Балалар мен жасөспірімдер спорт клубының» спортшылары.

Айта кетейік, Алматыда шахматтан өткен XXVI Азия чемпионатына Қытай, Үндістан, Ресей, Иран сынды 33 елден 650 спортшы қатысты. Онда 7-18 жас аралығындағы спортшылар шахматтың рапид, блиц, классика түрінен сынға түсті.

x

Check Also

Түркістан облысы АҚШ компанияларымен ынтымақтастықты нығайтады

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров АҚШ-тың Алматы қаласындағы Бас консулы Питер Кауфманмен кездесті. Кездесуде өңіраралық ынтымақтастықты дамыту, америкалық инвестицияны тарту, ...

Ордабасының мақтанышы – әлем чемпионатының күміс жүлдегері!

Қытай Халық Республикасының Нинбо қаласында өтіп жатқан ауыр атлетикадан әлем чемпионатында Ордабасы ауданының тумасы Нұрғиса Әділетұлы күміс жүлдегер атанып, Қазақстан ...