Түркістанда aшық алаң ойындары жалғасуда

«Түркістанда ашық алаң ойындары басталғалы 2000-нан аса түркістандық қатысып, белсенділік танытты», деп мәлімдейді қалалық «Мәдениет және тілдерді дамыту, спорт және дене шынықтыру бөлімінің» басшысы Динара Джіпсібаева кезекті жарыс күнінде берген сұхбатында,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Түркістан қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қала әкімінің тапсырмасымен жүзеге асқан жобаның мақсаты балалардың жазғы демалысын пайдалы өткізумен қатар, тұрғындар арасындағы бұқаралық спортты дамыту, ұлттық спорттық ойындарды дәріптеу.

Мамырда айында басталған додада футбол, стритбол, белтемірге тартылу мен секіргіште секіру, сонымен қатар, халық арасында кең тараған асық ату, ләңгі тебу сынды ойын түрлерінен қаланың жас тұрғындары мен ересектер де бақ сынауда.

Кестеге сәйкес, жарыстың кезекті ойыны Шауғар мөлтек ауданы М.Мақатаев көшесіндегі ашық алаңында өтті. Онда 150-ге тарта сектор тұрғыны қатысып, жүлделі болды.

Айта кетейік, жарыстың кезекті ойыны белтемірге тартылу, стритбол, асық атудан Сауран секторындағы «Отбасы саябағында» ұйымдастырылады.

x

Check Also

Түркістанда халықаралық талапқа сай кілем фабрикасы салынады

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды түркиялық кәсіпкер әрі инвестор Искендер Капланмен кездесті. Кездесу барысында Түркістанда ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асыру ...

«Таза Қазақстан» шарасы басталғалы Түркістан облысында 1 млн-ға жуық тал отырғызылған

«Таза Қазақстан» шарасы аясында Түркістан облысындағы республикалық және облыстық маңызы бар жолдарға тазалық жұмыстары қарқынды жүргізілген. Бұл туралы брифингте облыстық ...