Түркістан облысында су үнемдеу технологиясын шығаратын екінші зауыт іске қосылады (видео)

Түркістан облысында су шығынын азайту технологиясы 32 298 гектарға енгізіліп, ол суды 2 есе үнемдеп, өнімді 3 есе арттыруға мүмкіндік берді. Еліміздегі ең алғаш су үнемдеу технологиясын шығаратын зауыт Түркістан облысында ашылды,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жылына 9 мың гектарды тамшылатып суғару жүйесін өндіретін екінші кәсіпорын «Тұран су» ШЖҚ МКК болмақ. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен мәжілісте мекеме тарапынан атқарылып жатқан жұмыстар және алдағы жоспарлар баяндалды. Су үнемдеу өндірісі желісін ашу бойынша қондырғылардың алғашқы легі келіп орнатылды. Облыс әкімі мекеменің жұмысын одан әрі дамыту бойынша нақты тапсырмалар берді.

Кәсіпорын облыстық бюджет есебінен Ордабасы, Сауран, Қазығұрт, Шардара, Сайрам аудандарындағы ұзындығы 100 шақырымға жететін 9 су нысанына күрделі жөндеу жүргізеді. «Тұран су» ШЖҚ МКК-ның басшысы Д. Лесовтың баяндауынша, қазіргі таңда жұмыстардың жартысына жуығы орындалған. Нәтижесінде 15 мың гектардан астам суармалы жердің сумен қамтамасыз етілуі жақсарады.

Шардара ауданының 6 ауылдық округінде ұзындығы 958 шақырымды құрайтын қашыртқыларға механикалық тазалау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Нәтижесінде 26 996 га суармалы жерлердің жер асты суының денгейі төмендеп, жерлердің мелиоративтік жағдайы жақсарып, өнімділік 25 — 30% артады.

Кәсіпорынды техникалық жарақтандыру бойынша кешенді шаралар атқарылды. Жалпы 2,8 млрд. теңгеге «JCB» және жапондық «HITACHI» маркалы 41 экскаваторлар және 3 бульдозер, 2 жылжымалы вагон сатып алынды. Бұдан бөлек, арнайы техникаларды тасымалдайтын ауыр көліктер сатып алынды.

Сондай-ақ кәсіпорын тарапынан аудан, қала әкімдіктеріне кейіннен сатып алу тәртібімен аранйы техникалар жалға берілді. Бүгінде өңірде табиғи арналар, каналдар мен қашыртқыларға 1 100 шқ. тазалау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Кәсіпорынның меншігіндегі су нысандарына эксплуатациялық жөндеу бойынша каналдарға 15,5 шқ. механикалық тазалау жұмыстары және ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Алдағы уақытта инвестициялық 3 жобаны жүзеге асыру көзделген. Атап айтқанда, суару жүйелеріне арналған параболалық лотоктар шығаратын өндірісін ашу жоспарланған. Жоба Ордабасы ауданы «Қарақұм» елді мекенінде орналасқан кәсіпорынның өндірістік-техникалық базасында іске қосылады.

Түркістан облысы ауыл шаруашылығы басқармасының «Тұран су» ШЖҚ МКК бүгінде өңірде ағын су мәселесін шешуде маңызды рөл атқарып келеді. Арнайы техникалар алынып, жаңа ғимараты бой көтерді. «Тұран су» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынның балансында 18 су қоймасы, 3 су торабы, 3 магистральдық канал және 103 ішкі шаруашылық аралық канал бар.

© «Ońtústik» телеарнасы

© «Turkistan» телеарнасы

x

Check Also

Түркістанда халықаралық талапқа сай кілем фабрикасы салынады

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды түркиялық кәсіпкер әрі инвестор Искендер Капланмен кездесті. Кездесу барысында Түркістанда ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асыру ...

«Таза Қазақстан» шарасы басталғалы Түркістан облысында 1 млн-ға жуық тал отырғызылған

«Таза Қазақстан» шарасы аясында Түркістан облысындағы республикалық және облыстық маңызы бар жолдарға тазалық жұмыстары қарқынды жүргізілген. Бұл туралы брифингте облыстық ...