Түркістан облысында 77 мыңға жуық оқушыға аттестат табысталды — Xnews — ақпарат агенттігі

Түркістан облысында 77 мыңға жуық оқушыға аттестат табысталды

Түркістан облысының барлық білім беру ұйымдарында оқушыларға білім алғанын куәландыратын құжаттар табысталды,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мектеп директорлары бітіруші түлектерге сәттілік тілеп, жылы лебіздерін білдірді. Түлектер ұстаздарына алғыс айтып, білім алған алтын ұяларымен қимай қоштасты.

2023-2024 оқу жылында Түркістан облысы бойынша мектепті 31 210 оқушы бітіріп, 27 340 Ұлттық бірыңғай тестілеуде бағын сынауда. Түркістан облысында биыл 45713 оқушы 9-сыныпты бітіріп, бәріне аттестат берілді. Оның ішінде «Үздік аттестатқа» 4367 оқушы қол жеткізді. Ал 11-сыныпты 31210 оқушы аяқтап, қолдарына мектепте білім алғандарын растайтын аттестат тапсырылды. Осылайша 2023-2024 оқу жылында Түркістан облысында 9,11-сынып түлектерін қосқанда 77 мыңға жуық оқушыға аттестат табысталды.

x

Check Also

Түркістан облысы АҚШ компанияларымен ынтымақтастықты нығайтады

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров АҚШ-тың Алматы қаласындағы Бас консулы Питер Кауфманмен кездесті. Кездесуде өңіраралық ынтымақтастықты дамыту, америкалық инвестицияны тарту, ...

Ордабасының мақтанышы – әлем чемпионатының күміс жүлдегері!

Қытай Халық Республикасының Нинбо қаласында өтіп жатқан ауыр атлетикадан әлем чемпионатында Ордабасы ауданының тумасы Нұрғиса Әділетұлы күміс жүлдегер атанып, Қазақстан ...