«Түркістан білім-инновация» лицейі еліміз бойынша үздік 11 мектептің қатарына енді

Былтыр ғана Түркістанға қоныс тепкен «Білім-инновация» лицейінің әлеуеті артты. Республикалық олимпиада нәтижесіне сәйкес еліміз бойынша үздік 11 білім ордасының қатарынан көрінді,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жалпы олимпиадаға қатысқан 8 мың мектеп ішінде осы нәтижеге жету өте жақсы көрсеткіш. Аталған білім ұясы 2021 жылы 50-орын, 2022 жылы 31-орын алған болған. Ал былтыр 26-орынға көтерілген еді. Биыл бірден жоғары көрсеткіш көрсетіп, облыс мерейін үстем етті.

«Түркістан Білім-инновация» лицейі – 1992 жылы алғашқылардың бірі болып талапты оқушыларды қабылдаған білім ордасы. Күні бүгінге дейін лицей ғимараты Кентау қаласында орналасқан болатын. 2023 жылдың соңында сәні мен салтанаты келіскен жаңа лицей ғимараты Түркістан төрінде ашылды. Лицей ғимаратының ашылу салтанатына Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев, облыс әкімі Дархан Сатыбалды қатысып, оқушыларға сәттілік тілеген. Сондай-ақ 2023-2024 оқу жылынан бастап 31 жыл тек ер балаларды қабылдап келген лицей, дарынды қыз балаларға да тәлім беруді бастады.

Инновация-лицейінде оқушылар 7-сыныптан бастап білім алады. Ерекшелігі – ұлдар мен қыздар бөлек оқиды. Лицей жаратылыстану-математика бағытына басымдық береді. Физика, химия, биология, математика және информатика пәндері ағылшын тілінде өтеді. Оқушылар 4 тілді меңгеріп шығады.

x

Check Also

Түркістанда халықаралық талапқа сай кілем фабрикасы салынады

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды түркиялық кәсіпкер әрі инвестор Искендер Капланмен кездесті. Кездесу барысында Түркістанда ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асыру ...

Келесі жылдары білім гранттарының саны артады — министрлік

Ғылым және жоғары білім министрлігі үш жылдық бюджетте мемлекеттік білім беру гранттарының санын көбейту мүмкіндігіне қатысты түсінік берді. — Қазақстан Республикасында ...