Төлебиде отбасы үлгісіндегі балалар үйі жанынан лагерь ашылды

Айтулы күнде аудан орталықтарында түрлі шаралар өтіп жатыр. Мереке қарсаңында Төлеби ауданы, Бірінші мамыр ауылдық округіндегі отбасы үлгісінде жұмыс жасайтын балалар үйі жанынан лагерь ашылды. Демалыс аймағына «Төлеби нұры» атауы берілді,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ашылу салтанатына «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының төрағасы Алтынсары Үмбетәлиев, аудан прокуроры Оразәлі Әбдіраманов, аудандық мәслихат төрағасы Нұрлан Қойбағаров, мәслихат депутаттары қатысып, балаларды шуақты мерекемен құттықтап, арман, мақсаттарының орындалуына тілектес екендерін жеткізді. Мерекелік сияпат ретінде аманаттықтар балалардың жазғы сауықтыру лагеріне автоматты кір жуу машиналарын табыстап, балғындарға тәтті сый – балмұздақ үлестірді.

Балалардың қуанышымен бөлісуге арнайы келген аудандық мәслихат депутаттары, аудан прокуроры, шекара қызметінің, төтенше жағдайлар департаментінің, әскери бөлімнің, экология департаментінің өкілдері, жеке кәсіпкерлер де мерекелік сыйлықтарын табыстап, балаларға қуаныш сыйлады.

Айта өтейік, мереке күні пайдалануға берілген 60 орындық шағын лагерьде балалардың сапалы демалуы үшін барлық мүмкіндіктер қарастырылған. Биыл балалар үйінің ашылғанына тоқсан бес жыл толып отыр. Бүгінде мұнда 70-ке жуық жас өскін бір үйдің баласындай күн кешіп, тәрбиемен қамтылуда.

x

Check Also

Түркістанда халықаралық талапқа сай кілем фабрикасы салынады

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды түркиялық кәсіпкер әрі инвестор Искендер Капланмен кездесті. Кездесу барысында Түркістанда ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асыру ...

«Таза Қазақстан» шарасы басталғалы Түркістан облысында 1 млн-ға жуық тал отырғызылған

«Таза Қазақстан» шарасы аясында Түркістан облысындағы республикалық және облыстық маңызы бар жолдарға тазалық жұмыстары қарқынды жүргізілген. Бұл туралы брифингте облыстық ...