Шымкентте масаларға қарсы залалсыздандыру жұмыстары жүргізілуде

2024 жылы масаларға қарсы залалсыздандыру жұмыстарын жүргізуге 101 109,7 мың теңге қаржы қаралды.

Масаларға қарсы жылына 4 рет (маусым, шілде, тамыз, қыркүйек айларында, ауа-райының қолайсыздығына байланысты өзгеруі мүмкін) 1 355 200 шаршы метр өзен-каналдар, су қоймасы аумағын, 2 377 495 шаршы метр саябақтар аумағын, 1 223 666 шаршы метр гүлзарлар мен аллеялар аумағын залалсыздандыру жоспарланған.

Қала аумағындағы жалпы саны 45 гүлзарлармен аллеялар (1 223 666 ш.м), 12 саябақтар (2 377 495 ш.м), 35 өзендермен каналдар, 2 су қоймасы (1355 200 ш.м) аумағына масаларға қарсы залалсыздандыру жұмыстары жүргізіледі.

Масаларға қарсы залалсыздандыру жұмыстары 03.06.-13.06.2024 жыл аралығында (1 кезектегісі) жүргізу жоспарланып, жұмыстар жоспарға сәйкес басталды. Бүгінгі күні жалпы аумағы 117 га құрайтын «Дендро саябақ» аумағы масаға қарсы залалсыздандырылуда.

Аталған жұмыстарды мемлекеттік сатып алу порталы арқылы жеңімпаз болып танылған «SATTI TULIK» ЖШС жүргізуде.

Жеке үйлер мен кәсіпкерлік нысандардың иелері өз қаражаты есебінен жүргізуге міндетті.

x

Check Also

Шымкент: Дабыл жүйесі тексеріледі! Проверка системы оповещения!

Құрметті Шымкент қаласының тұрғындары мен қонақтары! 21 қараша күні сағат 11:00-де «Қыс-2024» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығулары аясында “Дабыл жүйесін тексеру” жүргізіледі. ...

В Шымкенте недоношенному новорожденному провели две сложные операции

Врачи Шымкентского городского перинатального центра успешно провели одновременно две сложные операции недоношенному новорожденному. Малыш появился на свет на 31-й неделе ...