Саурандықтар «Таза бейсенбі» акциясына атсалысты

Экологияны қорғау, тазалықты сақтау, туған жерді көркейту мен көгалдандыруға баса мән беру бастамасымен Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы негізінде «Таза Қазақстан» экологиялық науқаны басталған болатын,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Осы орайда, «AMANAT» партиясы Сауран аудандық филиалының ұйымдастыруымен экологиялық акциясы аясында «Таза бейсенбі» бастамасымен тазалық жұмыстары жүргізілді.

Аталған шараға Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Б.Сүлейменов, аудан әкімінің орынбасары Е.Жанғазиев, «AMANAT» партиясы Сауран аудандық филиалының төрағасы С.Асылбеков, Жастар ресурстық орталығы мен «Жасыл Сауран» қызметкерлері, Шорнақ бастауыш партия ұйымының мүшелері тазалық жұмыстарын жүргізуге атсалысты.

Айта кетейік, алдағы уақытта «Таза бейсенбі» жобасы аясында әр апта сайын белгіленген аумақтарды ретке келтіру жұмыстары жүргізілетін болады.

x

Check Also

Түркістанда Шауғар тұрғындарының мәселелері тыңдалды

Бүгін Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы кезекті көшпелі кездесу аясында Шауғар секторының тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында қала басшысы 2024 жылы ...

Түркістан қаласы, Сауран секторында инфрақұрылымдық жобалар қарқынды жүзеге асырылады

Бүгін Түркістан қаласының әкімі кезекті көшпелі кездесулер аясында Әзімбек Пазылбекұлы Сауран секторының тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында қала басшысы 2024 жылы ...