Сауранда «Таза Қазақстан» эко акциясы аясында сенбілік жұмыстары жалғасып жатыр

Экологияны қорғау, тазалықты сақтау, туған жерді көркейту мен көгалдандыруға баса мән беру бастамасымен Мемлекет басшысының тапсырмасы негізінде «Таза Қазақстан» экологиялық науқаны қарқынды жүргізілуде,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«AMANAT» партиясы аудандық филиалының бастамасымен «Таза бейсенбі» науқаны аясында тазалық жұмыстары «Түркістан-Шымкент» бағытындағы магистральді автомобиль жолының бойында жалғасын тапты.

Аталған шараға Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Баймахан Сүлейменов, аудан әкімінің орынбасары Ербол Жанғазиев, «AMANAT» партиясы аудандық филиалының төрағасы Сағынбек Асылбеков пен «Жасыл Сауран» қызметкерлері және ауылдық округ тұрғындары тазалық жұмыстарын жүргізуге атсалысты.

Сенбілікке 4 техника мен 80-ге жуық азамат қатысты. Онда жол бойлары мен айналасын тазартып, ағаштар суарылды. Ретсіз өскен шөптер алынып, қатты тұрмыстық қалдықтар тазартылды.

x

Check Also

Түркістанда халықаралық талапқа сай кілем фабрикасы салынады

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды түркиялық кәсіпкер әрі инвестор Искендер Капланмен кездесті. Кездесу барысында Түркістанда ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асыру ...

«Таза Қазақстан» шарасы басталғалы Түркістан облысында 1 млн-ға жуық тал отырғызылған

«Таза Қазақстан» шарасы аясында Түркістан облысындағы республикалық және облыстық маңызы бар жолдарға тазалық жұмыстары қарқынды жүргізілген. Бұл туралы брифингте облыстық ...