Сауран ауданы әкімдігінің мәжіліс залында сегізінші шақырылымдағы аудандық мәслихаттың кезекті жиырмасыншы сессиясы болып өтті. Сауран аудандық мәслихат төрағасы Сержан Байсбаев ашып, жүргізіп отырды.
Сессияға Сауран ауданының әкімі Мақсат Таңғатаров, аудандық мәслихат депутаттары, аудан әкімінің аппарат басшысы, дербес бөлім басшылары, ауылдық округ әкімдері қатысты.
Сессияның күн тәртібінде 9 мәселе қаралды:
1. Сауран ауданы әкімдігінің және Түркістан облысы бойынша тексеру комиссиясының 2023 жылғы аудандық және ауылдық округтер бюджеттерінің атқарылуы туралы жылдық есептерін қарау және бекіту туралы;
2. Сауран аудандық полиция бөлімінің қоғамдық қауіпсіздікті және құқық тәртібін қамтамасыз ету бойынша атқарған жұмыстарының нәтижесі туралы;
3. Сауран аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының атқарған жұмыстарының нәтижесі туралы;
4. Сауран ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және туризм бөлімінің атқарған жұмыстарының есебі туралы;
5. Сауран ауданы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, денешынықтыру және спорт бөлімінің атқарған жұмыстарының есебі туралы;
6. Ескі Иқан ауылдық округі әкімінің өзіне жүктелген фунциялар мен міндеттерінің орындалуы жөніндегі есебі туралы;
7. Үшқайық ауылдық округі әкімінің өзіне жүктелген фунциялар мен міндеттерінің орындалуы жөніндегі есебі туралы;
8. Жібек жолы ауылдық округі әкімінің өзіне жүктелген фунциялар мен міндеттерінің орындалуы жөніндегі есебі туралы;
9. Жүйнек ауылдық округі әкімінің өзіне жүктелген фунциялар мен міндеттерінің орындалуы жөніндегі есебі туралы;
Күн тәртібіндегі қаралған барлық мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданды. Аудан әкімі Мақсат Таңғатаров жоғарыда қаралған мәселелерге қолдау көрсеткені үшін депутаттарға алғысын білдірді. Сонымен қатар, аудан көлемінде атқарылып жатқан жұмыстарды атап өтті.