Сауран: Жаңа Иқанда балалар ойын алаңы ашылды — Xnews — ақпарат агенттігі

Сауран: Жаңа Иқанда балалар ойын алаңы ашылды

Жаңа Иқан ауылдық округіне қарасты Ибата елде мекенінде балалар ойын алаңының ашылу салтанаты болып өтті,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Сауран ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шараға ауыл әкімі Тахир Абдаев құттықтау сөз сөйлеп, спорт алаңы ауыл халқының игілігіне қызмет ететінін айтты. Сондай-ақ, ауыл ақсақалдары, кәсіпкерлері осындай игі істің басы қасында жүрген азаматтарға алғыстарын білдірді.

Ашылу салтанатында жастар мен жасөспірімдер арасында бұқаралық спортты дамыту және салауатты өмір салтын қалыптастыруды насихаттау мақсатында кіші футболдан Жаңа Иқан ауылдық округі әкімінің кубогы ұйымдастырылды. Оған аудан аумағынан 10 команда қатысып, өзара бақ сынады.

Жарыс нәтижесі бойынша Жаңа Иқан командасы (жаттықтырушысы Шахрух Юлдашев) жеңімпаз атанса, Ескі Иқан ауылынан келген «Иқан жастары» (жаттықтырушысы Жамшид Абутаиров) екінші, М.Юлдашев атындағы спорт мектебі командасы (жаттықтырушысы Хурсан Адаханов) үшінші орынға ие болып, кубок, медаль және грамоталармен марапатталды.

“Мектеп Жаңа Иқан” ЖШС жалпы орта білім беру мекемесінің дене шынықтыру пәні мұғалімі Мейірбек Әсетов үздік төреші атанса, Нурбах Абдукаримов (Жаңа Иқан) үздік сүрмерген, Асатбек Юлдашев (“Иқан жастары”) үздік шабуылшы, Чинорбек Умрханов (М.Юлдашев атындағы спорт мектебі) үздік қақпашы номинациясына ие болды.

x

Check Also

Түркістан облысы АҚШ компанияларымен ынтымақтастықты нығайтады

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров АҚШ-тың Алматы қаласындағы Бас консулы Питер Кауфманмен кездесті. Кездесуде өңіраралық ынтымақтастықты дамыту, америкалық инвестицияны тарту, ...

Ордабасының мақтанышы – әлем чемпионатының күміс жүлдегері!

Қытай Халық Республикасының Нинбо қаласында өтіп жатқан ауыр атлетикадан әлем чемпионатында Ордабасы ауданының тумасы Нұрғиса Әділетұлы күміс жүлдегер атанып, Қазақстан ...