Сауран: Ерекше балалар мерекелік қуанышқа кенелді

Әрбір бала бақытты болуға лайықты. Балаларға қуаныш сыйлау әр ата-ананың міндеті болса, оларға қамқорлық көрсету барша азаматтың парызы,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Сауран ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аудан әкімі Мақсат Таңғатаров 1 маусым — Халықаралық Балаларды қорғау күнінде Астана қаласының «Ырыскелді қажы» мешітінің бас имамы Нұрлан Байжігітұлымен ерекше баланы мерекемен құттықтады.

Қазақстанның 30 жылдық елді мекенінің тұрғыны Елмұрат балақайдың шаңырағына арнайы барып, сый-құрметтерін тарту етті. Кездесу барысында Нұрлан Байжігітұлы балақайдың ата-анасына алғыс білдірді. Өз сөзінде — “Алла тағала ерекше сәби бергенде оны күтіп қарау, қамқорлық жасау үлкен сауапты дүние. Сіздерден Алла разы болсын, бала-шағаңыздың қызығын көріңіздер. Бұл баланың шарапаты, шапағаты болады сіздерге. Дүниеде ақыреттеде”, — деді имам.

Айтулы күнде қуанышқа кенелген балақай мен оның отбасы елімізге танымал Нұрлан Байжігітұлымен естелікке суретке түсті. Сөз соңында дін қызметкері Нұрлан имам отбасы мүшелеріне ақ батасын беріп, амандықта жолығуды тіледі.

x

Check Also

Түркістанда халықаралық талапқа сай кілем фабрикасы салынады

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды түркиялық кәсіпкер әрі инвестор Искендер Капланмен кездесті. Кездесу барысында Түркістанда ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асыру ...

«Таза Қазақстан» шарасы басталғалы Түркістан облысында 1 млн-ға жуық тал отырғызылған

«Таза Қазақстан» шарасы аясында Түркістан облысындағы республикалық және облыстық маңызы бар жолдарға тазалық жұмыстары қарқынды жүргізілген. Бұл туралы брифингте облыстық ...