Сауран ауданында облыстық жастар форумы өтті

Сауран аудандық «Жастар ресурстық орталығы» мекемесінің ұйымдастыруымен «Urker» жазғы демалыс аймағында жастарға арналған «Үміт, Сенім алға жетелейді!» атты облыстық жастар форумы өтті,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Жиынға облыстық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-ң басшының орынбасары Пердебек Сержанұлы, облыстық Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің аға жедел уәкілі Гүлзия Қарсыбай, облыстық полиция департаментінің Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкері Жандос Қапанов қатысты.

Форумның алғашқы кезеңінде лудомания зардаптарының алдын-алу және күресу жолдары бойынша семинар- тренинг өтті. Сонымен қатар, екінші кезеңде «Шекербұлақ туристері» атты экстремалды спорт түрлерінен сайыс ұйымдастырылды. Ал, үшінші кезеңде жастар арасында «Интелект баттл» интелектуалдық ойыны өтті. Сайыс жеңімпаздары арнайы аудан әкімінің алғыс хаты және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Форум соңы «Zhastar party» караоке кешімен қорытындыланды.

x

Check Also

Түркістанда Шауғар тұрғындарының мәселелері тыңдалды

Бүгін Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы кезекті көшпелі кездесу аясында Шауғар секторының тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында қала басшысы 2024 жылы ...

Түркістан қаласы, Сауран секторында инфрақұрылымдық жобалар қарқынды жүзеге асырылады

Бүгін Түркістан қаласының әкімі кезекті көшпелі кездесулер аясында Әзімбек Пазылбекұлы Сауран секторының тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында қала басшысы 2024 жылы ...