Сауран ауданында биыл 7 мыңға жуық азамат тұрақты жұмыспен қамтылады

Сауран ауданының орталығы Шорнақ ауылдық округінде жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің ұйымдастыруымен бос жұмыс орындарына арналған жәрмеңке өтті,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына сілтеме жасап.

Онда 10-ға тарта мекемеден 100-ге жуық бос жұмыс орындары ұсынылды. Жұмыс жәрмеңкесіне 125 азамат қатысып, 20 адам жұмыспен қамтылды. Биыл аудан бойынша 6 840 азаматты жұмыспен қамту жоспарланған болса, жыл басынан бері 1 110 тұрғын тұрақты жұмыспен қамтылған.

Айта кетсек, «Еңбек нарығын дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған» тұжырымдамасы аясында ауданда 6 368 азамат өтініш білдірген. Оның ішінде 2487 адам әлеуметтік шаралармен қамтылған.

x

Check Also

Бірлік секторында инженерлік инфрақұрылымды дамыту жобалары іске асуда

Бүгін Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы халықпен көшпелі кездесуін Бірлік секторының тұрғындарымен өткізді. Кездесу Ө.Жәнібеков атындағы №27 жалпы орта мектепте ...

Түркістан облысында «Браконьер» жедел профилактикалық шарасы өтіп жатыр

Республика көлемінде 20 қазан мен 19 қараша күндері аралығында «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр. Бұл туралы Түркістан облысы полиция департаментінің ...