Сауран әкімі тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады

Мемлекет басшысының «Халық үніне құлақ асатын үкімет» тұжырымдамасын жүзеге асыру мақсатында Сауран ауданының әкімі Мақсат Таңғатаров бекітілген кестеге сәйкес, апталық жеке қабылдауын өткізді. Қабылдауға тиісті бөлім басшылары мен ауылдық округ әкімдері қатысты,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Сауран ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жеке қабылдау барысында тұрғындар жұмыссыздық, тұрғын үй мақсатындағы жер мәселесі, коммуналдық салаға қатысты және әлеуметтік мәселелері мен интернет желісіне қатысты сауалдарын қойып, жеке кәсіптерін дамыту бойынша өз ұсыныс-пікірлерін білдірді. Қабылдауға алдын ала жазылған 10-ға жуық тұрғынның шағымдары толығымен тыңдалды және ойлары ортаға салынды.

Сонымен қатар, қабылдауға тұрақты жұмыс сұрап келген азаматтар да болды. Аталған азаматтарға аудан әкімі тазалық, ақылы қоғамдық секілді бірқатар бос жұмыс орындарды ұсынды. Ал, бұл жұмыстарға жарамсыз азаматтар өзге жұмыстарға жіберілетін болды. Сонымен қатар, жеке кәсібін дамытуға бағытталған азаматтардың өтініштері де назардан тыс қалмай, аудан әкімдігі тарапынан қолдау көрсетілетіні айтылды.

Жалпы айтқанда, қабылдауға жазылған азаматтар тарапынан көптеген мәселелер мен өтініштер де, ұсыныстар да тыңдалды. Аудан басшысы Мақсат Асылбекұлы барлығын сараптай, саралай келе, баршасына толықтай жауабын берді. Жиын барысында тұрғындардың бірқатары аудан әкімінің алдағы жұмысына сәттілік тілеп, оның тың бастамаларынан зор үміт күтетіндіктерін жеткізді.

x

Check Also

Түркістанда Шауғар тұрғындарының мәселелері тыңдалды

Бүгін Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы кезекті көшпелі кездесу аясында Шауғар секторының тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында қала басшысы 2024 жылы ...

Түркістан қаласы, Сауран секторында инфрақұрылымдық жобалар қарқынды жүзеге асырылады

Бүгін Түркістан қаласының әкімі кезекті көшпелі кездесулер аясында Әзімбек Пазылбекұлы Сауран секторының тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында қала басшысы 2024 жылы ...