Сауран әкімі Шаға ауылдық округі тұрғындарымен кездесті (видео)

Мемлекет басшысы «Барлық деңгейдегі әкімдер жыл бойы халықпен кездесулер өткізсін. Олардың барысында халықты толғандыратын әлеуметтік мәселелерге баса назар аудара отырып, Қазақстанды жаңғыртудың жаңа бағдарының негізгі бағыттары туралы хабардар етсін және проблемалық мәселелерді шешудің жолдары мен мерзімдерін түсіндірсін», — деп тапсырма берген болатын,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Сауран ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Осыған орай, бүгін Сауран ауданының әкімі Мақсат Таңғатаров бірінші жарты жылдық бойынша бекітілген кестеге сәйкес, Шаға ауылдық округі тұрғындарымен кездесті. Кездесуде аудан әкімі ағымдағы жылдың 5 айында атқарған және алдағы уақытта атқаратын жұмыс жоспарлары туралы баяндап өтті. Сонымен қатар, Шаға ауылдық округінің әкімі Ырысқали Жұмановтың 2024 жылдың 5 айында атқарған жұмыстарының есебі тыңдалды.

Аудан әкімінің мәлімдеуінше 2023 жылы ауданның жалпы өңірлік өнімі 120,4 млрд. теңгені құраған болса, ағымдағы жылы 132,4 млрд. теңгеге дейін жеткізуді жоспарлап отыр. Бүгінгі таңда нақты 10,4 млрд. теңгенің өнімі өндірілген. Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыты 84,7% ауыл шаруашылығына, 10,2% өнеркәсіп саласына және 5,1%-ы құрылыс жұмыстарының үлесінде екенін жеткізді.

Ауданның экономикалық дамуын анықтайтын басты сала – ауыл шаруашылығында 2023 жылы 101,9 млрд. теңгенің өнімі өндірілсе, ағымдағы жылы бұл көрсеткішті 112,1 млрд. теңгеге дейін арттыру көзделген. Биылғы жылдың 4 айда нақты 7,1 млрд. теңгенің өнімі өндірілген. Әр салаға жеке тоқталған аудан әкімі барлық салада өсім бар екенін атап өтті. Соның ішінде құрылыс және коммуналдық салалар бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға кеңінен тоқталып өтті.

Кездесу барысында ауыл тұрғындары тарапынан Молда Мұса мектебіне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу, шаруаларға жанар-жағар май мәселесі, көшелерді асфальттау, электр жарығының әлсіздігін, жайылым жердің жоқтығын, ауыз су, қоғамдық көлік жүргізу тағы да басқа көптеген мәселелерді көтерді. Ауыл тұрғындарының мәселелерін тыңдаған аудан әкімі Мақсат Асылбекұлы барлық сұрақтарға жауап беріп, жоспарға сәйкес, тиісті жұмыстар кезең-кезеңімен шешілетінін жеткізді.

© «Turkistan» телеарнасы

x

Check Also

Түркістанда халықаралық талапқа сай кілем фабрикасы салынады

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды түркиялық кәсіпкер әрі инвестор Искендер Капланмен кездесті. Кездесу барысында Түркістанда ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асыру ...

«Таза Қазақстан» шарасы басталғалы Түркістан облысында 1 млн-ға жуық тал отырғызылған

«Таза Қазақстан» шарасы аясында Түркістан облысындағы республикалық және облыстық маңызы бар жолдарға тазалық жұмыстары қарқынды жүргізілген. Бұл туралы брифингте облыстық ...