Мемлекет басшысы «Барлық деңгейдегі әкімдер жыл бойы халықпен кездесулер өткізсін. Олардың барысында халықты толғандыратын әлеуметтік мәселелерге баса назар аудара отырып, Қазақстанды жаңғыртудың жаңа бағдарының негізгі бағыттары туралы хабардар етсін және проблемалық мәселелерді шешудің жолдары мен мерзімдерін түсіндірсін», — деп тапсырма берген болатын,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Сауран ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Осыған орай, бүгін Сауран ауданының әкімі Мақсат Таңғатаров бірінші жарты жылдық бойынша бекітілген кестеге сәйкес, Иассы, Оранғай, Үшқайық ауылдық округі тұрғындарымен кездесті. Кездесуде аудан әкімі Мақсат Таңғатаров ағымдағы жылдың 5 айында атқарған және алдағы уақытта атқаратын жұмыс жоспарлары туралы баяндады. Аудан әкімінің баяндамасынан соң жоғарыда аталған ауылдық округтері әкімдерінің 2024 жылдың 5 айында атқарған жұмыстарының есебі тыңдалды.
Аудан әкімінің мәлімдеуінше 2023 жылы ауданның жалпы өңірлік өнімі 120,4 млрд. теңгені құраған болса, ағымдағы жылы 132,4 млрд. теңгеге дейін жеткізуді жоспарлап отыр. Бүгінгі таңда нақты 10,4 млрд. теңгенің өнімі өндірілген. Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыты 84,7% ауыл шаруашылығына, 10,2% өнеркәсіп саласына және 5,1%-ы құрылыс жұмыстарының үлесінде екенін жеткізді.
2023 жылы ауданға 34,6 млрд. теңге инвестиция тартылған болса, ағымдағы жылы оның көлемін 42,0 млрд. теңгеге дейін арттыру жоспарланған. Ағымдағы жылдың 4 айында нақты 7,4 млрд. теңге көлемінде инвестиция тартылған. Аудан бойынша 2024-2025 жылдар аралығында жалпы құны 72,2 млрд. теңгені құрайтын 105 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланып отыр. Қазіргі таңда осы аталған жобалар бойынша барлығы 39 нысан іске қосылып, 1018 жаңа жұмыс орындары ашылғанын атап өтті.
Ауданның экономикалық дамуын анықтайтын басты сала – ауыл шаруашылығында 2023 жылы 101,9 млрд. теңгенің өнімі өндірілсе, ағымдағы жылы бұл көрсеткішті 112,1 млрд. теңгеге дейін арттыру көзделген. Биылғы жылдың 4 айда нақты 7,1 млрд. теңгенің өнімі өндірілген. Әр салаға жеке тоқталған аудан әкімі барлық салада өсім бар екенін атап өтті. Соның ішінде құрылыс және коммуналдық салалар бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға кеңінен тоқталып өтті.
Кездесу барысында ауыл тұрғындары тарапынан ауылдағы өзекті мәселелер көтерілді. Атап өтсек, Иассы ауылдық округінен ауылда тіс дәрігерінің жоқтығын, табиғи газ, Абай көшесін жөндеу, ауыз су, тұрғын үйге учаскелік жер беру, жол бойына камера қою, актив центр орталығының антенасын орнату секілді мәселелерін алға тартты. Ал, Оранғай ауылдық округінің тұрғындары ауызу су өтетін құбырларды ауыстыру, электр энергиясының нашарлығын, трасформатор орнату, жол, жер, ауыз судың қажеттігін айтты.
Үшқайық ауылдық округінің тұрғындарының басты мәселесі ауыз су, елді мекендерге трансформатор орнату, электр бағаналары тозған ауыстыру, жол, тротурар, көшеге ат беру, көпір, салынған жолдардың сапасыздығы, жер, денсаулық саласына қатысты мәселелерді көтерді. Ауыл тұрғындарының мәселелерін тыңдаған аудан әкімі Мақсат Асылбекұлы барлық сұрақтарға жауап беріп, жоспарға сәйкес, тиісті жұмыстар кезең-кезеңімен шешілетінін жеткізді.