Сайрамдық ұстаз халықаралық дәрежедегі диплом мен сертификатпен марапатталды

Қазақстан Республикасында білім беру саласының оқытушылары арасында биылғы жылдың 10 маусымында Дубай (БАӘ) қаласында ғылыми-тәжірибелік конференция өтті,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Халықаралық конференцияға Түркістан облысының Сайрам аудандық білім бөліміне қарасты N74 жалпы білім беретін мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Нұрилла Ділдан қатысты.

Білім беру саласының қызметкерлерінің біліктілігін арттыру мақсатында ұйымдастырылған халықаралық «ХХІІ Global teaching Dubai» бағдарламасы аясында Дубай қаласында өткен 108 сағаттық семинарына белсенді қатысып, өзінің ғылыми ізденістері мен озық тәжірибесімен бөлісті.

Семинардың қорытындысына сәйкес, жаңашыл ұстаз «Білім саласындағы жасанды интеллект» тақырыбында баяндаманы үздік қорғағаны үшін халықаралық дәрежедегі сертификат және І дәрежелі дипломмен марапатталды.

x

Check Also

Ұстаздықпен өрілген өмір

Еңбекті өмірінің мәніне балаған, жас ұрпақтың жүрегіне жарық сәуле себуді мұрат тұтқан жан – №23 мектеп-лицейдің бастауыш сынып мұғалімі Алдасүгірова ...

Таңдау емес, тағдыр болған мамандық

Кадирова Нурлыгүл Құрманәліқызы — ұлағатты ұстаз, педагогика саласында 32 жылдық тәжірибесі бар білікті маман. Ол 1971 жылы Шардара ауданы, Байырқұм ...