«Нәтиже» жобасының таныстырылымы өтті

Түркістан қаласы әкімдігі “Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі” мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен “Әлеуметтік қызмет көрсету орталығы” КММ “Қамқорлық” отбасын қолдау секторының қызмет алушыларына “Нәтиже” жобасының таныстырылымы өтті,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Түркістан қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жобаның мақсаты: Осал топтағы әйелдерді нарықта сұранысқа ие мамандықтарға үйрету.

Жоба негізгі 3 бөлімнен тұрады: алғашқы бөлімде әйелдер смм, таргет, маркетинг және өнімді сатылымға шығаруды үйренсе, келесі бөлімде сұранысқа ие қолөнер, клининг, базалық құрылыс пен глютенсіз тағам әзірлеу сынды тақырыптарды игереді.

Жоба әйелдерге не береді?

Жоба әйелдердің жеке кәсіп бастауына және отбасылық қаржыны молайту мен үй жағдайында табыс тауып нәтижеге шығуға мүмкіндік береді.

Жобаның жетекшісі Дара медиа холдинг басшысы Рухабза Халдарбек және Назым Исмағанбет, Нұргүл Сариева, Дина Рашева, Сымбат Жүзенқызы сынды белгілі тренерлер.

x

Check Also

Бірлік секторында инженерлік инфрақұрылымды дамыту жобалары іске асуда

Бүгін Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы халықпен көшпелі кездесуін Бірлік секторының тұрғындарымен өткізді. Кездесу Ө.Жәнібеков атындағы №27 жалпы орта мектепте ...

Түркістан облысында «Браконьер» жедел профилактикалық шарасы өтіп жатыр

Республика көлемінде 20 қазан мен 19 қараша күндері аралығында «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр. Бұл туралы Түркістан облысы полиция департаментінің ...