Мүгедектігі бар азаматтарды қолдау шаралары

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мүгедектігі бар 725 мыңнан астам адамға қолдау көрсетіп жатыр.

Олардың арасында жұмысқа қабілеті бар 420 мың азамат болса, мүгедектігі бар балалар саны 109 мыңнан асып отыр. Ерекше қажеттіліктері бар үшін оларды оқшаулау, кемсітушілік, инфрақұрылымның жеткіліксіздігі, еңбек нарығындағы тең емес мүмкіндіктер, әлеуметтік қызметтер сапасының төмендігі және басқа да мәселелер әлі де өзекті болып тұр. Оларды шешу үшін ведомство жүйелі түрде дәйекті шешімдер қабылдауда. ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова ОКҚ алаңында осылай деді.

Елімізде 2025 жылға дейін мүгедектігі бар адамдар құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі ұлттық жоспар іске асырылуда.

«2023 жылы «Мүгедектердің құқықтары туралы» Конвенциясына факультативтік хаттама ратификацияланды. Әлеуметтік кодекс шеңберінде мүгедектігі бар адамдар әлеуметтік қорғаудың көп деңгейлі жүйесі енгізілді. Оның ішінде мемлекеттік көмек және жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдер түріндегі қолдау, әлеуметтік оңалту шеңберінде ағзаның жоғалған функцияларын өтеу, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету, жұмысқа орналастыру, сондай-ақ республикада мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қамтамасыз етудің 3 деңгейлі жүйесі қалыптасты», – деді спикер.

x

Check Also

Еліміздің 170 ауданында пәндік олимпиада өтіп жатыр (видео)

Елімізде IQanat Олимпиадасы басталды, деп хабарлайды 24kz. Республикалық білім сайысының І кезеңі 170 ауданда өтіп жатыр. Интеллектуалдық сайыста сегізінші сыныпта ...

Мүгедектігі бар жандарға сапалы білім беру мәселесі талқыланды (видео)

Елімізде мүгедектігі бар азаматтардың сапалы білім алуына мүмкіндіктерді кеңейту қажет. Бүгін осы мәселе Сенат жанындағы Инклюзия жөніндегі кеңес отырысында жан-жақты ...