Мереке қарсаңында ерекше қажеттілігі бар 200-ге жуық балаға қуаныш қоржыны табысталды

Облыс орталығында ерекше қажеттілігі бар 200-ге жуық балаға мерекелік қоржын табысталды,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Түркістан қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қалалық Райымбек Сейтметов атындағы сазды-драма театрында өткен жиынға қала әкімінің орынбасары Мекенхан Қырықбаев, қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Элмира Бейсенова және ерекше қажеттілігі бар балалар мен ата-аналары қатысты.

Шарада алғы сөз алған қала әкімінің орынбасары Мекенхан Қозыханұлы: Бала жүрегі ана деп,ана жүрегі бала деп соғады. Қазақ қашанда баланы болашағым деп біліп, тәрбиесіне аса мән берген. Ұлтымыздың мәңгі өмір сүруі де балаларымызға байланысты. Бүгінгі балаларды қорғау күнінің де еліміздегі бала құқығының әрқашан бірінші орында қорғалатынын көрсетеді», деп қала басшысының кішкентайларға мерекелік қоржынын таратып, құттықтауын жеткізді.

Шара соңында бүлдіршіндерге арнайы дайындалған мерекелік концерт қойылып, театр өнерпаздары ертегі ұсынды.

Қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Элмира Бейсенованың мәлімдеуінше, шаһарда жалпы 1600 ерекше қажеттілігі бар бала тұрады. Оларға әлеуметтік көмектің барлық түрі көрсетіледі. Одан бөлек, ай сайын «Мейірімді жүрек» акциясы ұйымдастырылып, балалардың қоғаммен байланысуын қамтамасыз ету шаралары жүйелі өткізіледі.

x

Check Also

Түркістанда халықаралық талапқа сай кілем фабрикасы салынады

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды түркиялық кәсіпкер әрі инвестор Искендер Капланмен кездесті. Кездесу барысында Түркістанда ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асыру ...

«Таза Қазақстан» шарасы басталғалы Түркістан облысында 1 млн-ға жуық тал отырғызылған

«Таза Қазақстан» шарасы аясында Түркістан облысындағы республикалық және облыстық маңызы бар жолдарға тазалық жұмыстары қарқынды жүргізілген. Бұл туралы брифингте облыстық ...