М.Таңғатаров: Тұрғындарды жұмыспен қамту басты мәселеміз болу керек

Сауран ауданының әкімі Мақсат Таңғатаровтың төрағалығымен ауданның кезекті апталық мәжілісі болып өтті. Мәжіліске аудан әкімінің орынбасарлары, кеңесшілері, дербес бөлім басшылары, ауылдық округ әкімдері және тиісті сала басшылары қатысты,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Сауран ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мәжілістің күн тәртібінде 4 мәселе қаралды. Онда тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің, жер қатынастары бөлімінің, Бабайқорған ауылдық округі әкімінің ағымдағы жылдың 5 айында атқарған жұмыстары мен алдағы уақытта атқаратын жұмыстары туралы есептері тыңдалды.

Күн тәртібіндегі мәселе бойынша жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Дәуірхан Асылбектің мәлімдеуінше Сауран ауданында халық саны — 102 247 мың адамды құрайды. Статистикалық көрсеткіштерге сәйкес, экономикалық тұрғыдан белсенді халық саны — 39 903, жұмыссыздар саны — 1974 адам. Жалпы, жұмыссыздық деңгейі 4,9 пайыз, жұмыспен қамтылған жалдамалы қызметкерлердің саны — 17444 мың адам, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар — 20485 адамды құрайды.

2024 жылы мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекке республикалық бюджеттен 357289,0 мың теңге, оның ішінде қосымша төлемге республикалық бюджеттен 54496,0 мың теңге қаралған. 2024 жылдың 5 айында 357 отбасының 2313 адамына 81060,0 мың теңге атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып, 55564,9 мың теңге төлем жүргізілгенін мәлім етті.

Сонымен қатар, 2024 жылға облыстық бюджеттен зейнеткерлерге «Ардагерлер» үйіне 160, «Мейір» ардагерлер үйіне 160 жалпы 320 жолдама бөлінген. Оның ішінде: мамыр айына дейін «Ардагерлер» үйіне — 41, «Мейір» ардагерлер үйіне — 74 жолдама мен жалпы 115 зейнеткерлер қамтылған. Жалпы, өтініш берген зейнеткерлер саны — 2920 адам оның ішінде — 1028 зейнеткер қамтылғанын мәлім етті.

Мәжілісті қорытындылыған аудан әкімі Мақсат Таңғатаров күн тәртібіндегі қаралған мәселелер бойынша тиісті бөлімдер мен ауылдық округ әкімдеріне орын алған кемшіліктер бойынша шұғыл түрде жұмыс жасауға нақты тапсырмалар берді.

x

Check Also

Түркістанда халықаралық талапқа сай кілем фабрикасы салынады

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды түркиялық кәсіпкер әрі инвестор Искендер Капланмен кездесті. Кездесу барысында Түркістанда ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асыру ...

«Таза Қазақстан» шарасы басталғалы Түркістан облысында 1 млн-ға жуық тал отырғызылған

«Таза Қазақстан» шарасы аясында Түркістан облысындағы республикалық және облыстық маңызы бар жолдарға тазалық жұмыстары қарқынды жүргізілген. Бұл туралы брифингте облыстық ...