М.Таңғатаров: Кіріс көздерін ұлғайту бойынша жұмысты жандандыру керек

Сауран ауданы әкімі аппаратының мәжіліс залында аудан әкімі Мақсат Таңғатаровтың төрағалығымен ауданның апталық мәжілісі болып өтті,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Сауран ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мәжіліске аудан әкімінің орынбасарлары, аппарат басшысы, кеңесшілері, дербес бөлім басшылары, ауылдық округ әкімдері және тиісті сала басшылары қатысты.

Мәжілістің күн тәртібінде 2 мәселе қаралды. Онда аудандық мемлекеттік кірістер басқармасының ағымдағы жылдың 5 айындағы атқарған жұмыстары және кірістерді арттыру бойынша аудандық мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының орынбасары Мұхтар Исабаев баяндады. Құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің ағымдағы жылдың 5 айындағы атқарған жұмыстары мен алдағы уақытта атқаратын жұмыстары туралы бөлім басшысы Қуаныш Тәукебаев хабарлама жасады.

Жиналыстың күн тәртібінде бірінші мәселе бойынша аудандық мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының орынбасары Мұхтар Исабаевтың мәлімдеуінше жергілікті бюджет бойынша 2024 жылдың 5 айында 1 606 098 мың теңге болса, нақты түсім 1 752 233 мың теңгені құраған. Сонымен қатар, жыл басынан бері 408 салық төлеушіден 26534,0 мың теңге қосымша кіріс көздері анықталып, бюджетке төленгенін атап өтті.

Мәжілісте аудан әкімі Мақсат Таңғатаров аудандық мемлекеттік кірістер басқармасының 5 айлық есебі бойынша атқарған жұмыстарын сынға алды. Жыл соңына дейін салық түсімі бойынша межелі жоспарды орындай алмайтынын алға тартып, аудандық экономика және қаржы бөліміне талдау жұмыстарын жүргізуді тапсырды. Сондай-ақ, бұл бойынша бірлесе жұмыс жасауды және нәтижесін ұсынуды тапсырды. Бұдан бөлек, күн тәртібіндегі қаралған мәселелер бойынша тиісті бөлімдер мен ауылдық округ әкімдеріне орын алған кемшіліктерді жою бағытында шұғыл түрде шаралар қабылдау керектігін айтты.

x

Check Also

Түркістанда халықаралық талапқа сай кілем фабрикасы салынады

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды түркиялық кәсіпкер әрі инвестор Искендер Капланмен кездесті. Кездесу барысында Түркістанда ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асыру ...

«Таза Қазақстан» шарасы басталғалы Түркістан облысында 1 млн-ға жуық тал отырғызылған

«Таза Қазақстан» шарасы аясында Түркістан облысындағы республикалық және облыстық маңызы бар жолдарға тазалық жұмыстары қарқынды жүргізілген. Бұл туралы брифингте облыстық ...