Күн тәртібінде — балалардың құқығы

Қала әкімінің орынбасары Мекенхан Қозыханұлының төрағалығымен қала әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның он бірінші отырысы өтті,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Түркістан қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жиналыста күн тәртібінде өзекті деген бірнеше мәселе қаралды.

Мәжілісте қала аумағындағы кәмелетке толмағандардың арасында жазғы шомылу маусымында оқыс оқиғалардың алдын алу бойынша атқарылған жұмыстар бойынша және кәмелет жасына толмаған жасөспірімдердің үстінен жинақталған іс құжаттар жөнінде баяндалды.

Одан бөлек, балаларлың бос уақытын тиімді пайдалану, жазғы лагерлерді ұйымдастыру бойынша қалалық Білім бөлімінің басшысы Оразкүл Қолдасова баяндаса, жастардың бос уақытын тиімді пайдалану бойынша қалалық Жастар ресурстық орталығының директоры Әлия Пиржанова жеткізді.

Сондай-ақ, мәжілісте күн тәртібіндегі мәселелер бойынша комиссия мүшелері ұсыныс-пікірлерін талқылады.

Өз кезегінде комиссия төрағасы Мекенхан Қозыханұлы кәмелетке толмаған жасөспірімдердің қауіпсіздігі, құқықтарының қорғалуы жауапты мекемелердің ұдайы назарында болуы қажеттігін айтып, нақты тапсырмалар жүктеді.

x

Check Also

Түркістанда Шауғар тұрғындарының мәселелері тыңдалды

Бүгін Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы кезекті көшпелі кездесу аясында Шауғар секторының тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында қала басшысы 2024 жылы ...

Түркістан қаласы, Сауран секторында инфрақұрылымдық жобалар қарқынды жүзеге асырылады

Бүгін Түркістан қаласының әкімі кезекті көшпелі кездесулер аясында Әзімбек Пазылбекұлы Сауран секторының тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында қала басшысы 2024 жылы ...