Колледжерге оқуға түсу үшін құжат қабылдау басталды — Xnews — ақпарат агенттігі

Колледжерге оқуға түсу үшін құжат қабылдау басталды

Түркістан облысы білім басқармасына қарасты Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында 2024-2025 жылға оқуға құжаттар қабылдау басталды,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Талапкерлердің өтінімдері 25 маусым – 25 тамыз аралығында колледждердің қабылдау комиссияларында және «SmartNation College» платформасы мен «Электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы арқылы жүргізіледі. Алдымен өтініштерді 25 маусым мен 1 шілде аралығында колледжге қағаз түрінде құжаттар тапсыра алады. Ал 1 шілдеден 25 тамызға дейін веб-портал арқылы жүзеге асырылатын болады.

Талапкер оқуға түсу кезінде мемлекеттік грант ұтып алуға конкурсқа түсу үшін 4 колледжге, 4 мамандыққа дейін таңдай алады. Орта балы бірдей талапкерлердің арасында бюджеттік орындарға конкурс Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 18 қазандағы № 578 бұйрығымен бекітілген бейінді пәннің бағасы есебімен жүргізіледі.

Алайда педагогикалық мамандықтарға түсушілер арнайы емтихан, медицина мамандықтары – психометриялық тест, өнер мамандықтарына түсетіндер шығармашылық емтиханды қосымша тапсырып, нәтижелері жалпы конкурста ескеріледі.

Айта кетейік, 2024-2025 оқу жылында техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына 15 мыңға жуық орынға мемлекеттік тапсырыс берілді.

x

Check Also

Түркістан облысы АҚШ компанияларымен ынтымақтастықты нығайтады

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров АҚШ-тың Алматы қаласындағы Бас консулы Питер Кауфманмен кездесті. Кездесуде өңіраралық ынтымақтастықты дамыту, америкалық инвестицияны тарту, ...

Ордабасының мақтанышы – әлем чемпионатының күміс жүлдегері!

Қытай Халық Республикасының Нинбо қаласында өтіп жатқан ауыр атлетикадан әлем чемпионатында Ордабасы ауданының тумасы Нұрғиса Әділетұлы күміс жүлдегер атанып, Қазақстан ...