Жетісайда бір мектептен 27 түлек «алтын белгі» иегері атанды

Түркістан облысы, Жетісай ауданы Б.Момышұлы атындағы №6 мектеп-гимназиясында мектеп түлектеріне арналған аттестаттарды тапсыру салтанаты өткізілді,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Биылғы оқу жылында мұнда 88 оқушы аяқтаған. Оның ішінде 27 түлекке – «Алтын белгі» және 14 түлекке – «Үздік аттестат» тапсырылды.

– Бүгінгі күн баршамыз үшін жүрек тебірентіп, көңіл толқытатын сәт. Олай дейтініміз мектеп қабырғасында ұлағатты ұстаздар қауымының тәлім-тәрбиесін алып, білім нәрімен сусындап өскен ұл-қыздарымыз жаңа өмір әлеміне нық сеніммен қадам басқалы тұр. Сапарларың оң болсын, жас түлектер! – деді мектеп-гимназия директоры Шохан Нұрбеков.

Жалпы өткен аптаның соңында 11 жыл бойы үздік атанған түлектер өздері оқыған білім ордасында «Алтын белгі» табысталды. 2023-2024 оқу жылында Түркістан облысында 1704 түлек «Алтын белгі» иесі атанды. Сондай-ақ 2400 оқушы «Үздік аттестат» алды.

Айта кетейік, биыл мемлекеттік қорытынды емтихан 9-сынып оқушылары үшін 29 мамырдан бастап, 10 маусым аралығында жүргізілді. Ал 11-сынып оқушылары 28 мамырдан 11 маусым аралығында қорытынды емтихандарын тапсырды.

x

Check Also

Шымкентте мұғалімдер жасанды интеллект құралдарын меңгерді

AMANAT партиясының бастамасымен елімізде білім беру саласын цифрландыру және педагогтердің жасанды интеллект құралдарын меңгеруін күшейту бағытында ауқымды жұмыстар атқарылып келеді. ...

Арыс қаласында жаңа «Келешек мектебі» ашылып, үш мектептің мәселесін шешті

Арыс қаласының Тараз мөлтек ауданында жаңа №2 «Келешек мектебі» өз жұмысын бастады. Заманауи білім ордасының ашылуы қаладағы үш мектептегі орын ...