Жарайсың, Дилафруз!

Астана мен Өскемен қалаларында 10-11(12) сынып оқушылары арасында Қазақстан тарихы, құқық негіздері, қазақ тілінде оқытатын мектептердегі орыс тілі, орыс тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі, неміс тілі және француз тілі пәндері бойынша республикалық олимпиада өтті. Оған әр өңірден жиналған 523 оқушы қатысып, 234 жүлдені сарапқа салды.

Айта кетейік, олимпиада екі кезең бойынша өтті. Тапсырмалар тест, жазбаша және ауызша түрінде берілді. Білім сайысын «Дарын» ғылыми-практикалық орталығы ұйымдастырды. Орталық директоры Ғаждембек Тұрсынов қатысушыларға сәттілік тілеп, бұл білім бәйгесінің маңыздылығына тоқталды.

– Олимпиада – оқушының білім мен зердесін сынайтын сайыс қана емес, сонымен қатар оларға өзін-өзі дамыту, тәжірибе алмасу және жаңа таныстар табуға мүмкіндік беретін шара, – деді Ғаждембек Тұрсынов.

Осы сайыста облыс оқушылары 121 қола, 70 күміс және 43 алтын медальға ие болды. Білім додасында Сауран аудандық білім бөліміне қарасты №1 жалпы білім беретін мектебінің 10«А» сынып оқушысы Дилафруз Низамова топ жарып, жүлделі І орынды иеленді (Оның жетекшісі – қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Хамида Чалданова). Жеңімпаз қыз ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев қол қойған І дәрежелі дипломмен марапатталды.

Источник: okg.kz

x

Check Also

Түркістанда халықаралық талапқа сай кілем фабрикасы салынады

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды түркиялық кәсіпкер әрі инвестор Искендер Капланмен кездесті. Кездесу барысында Түркістанда ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асыру ...

«Таза Қазақстан» шарасы басталғалы Түркістан облысында 1 млн-ға жуық тал отырғызылған

«Таза Қазақстан» шарасы аясында Түркістан облысындағы республикалық және облыстық маңызы бар жолдарға тазалық жұмыстары қарқынды жүргізілген. Бұл туралы брифингте облыстық ...