Еңбек пен бірлікті насихаттаған «Шаңырақ» байқауының жеңімпаздары марапатталды

Түркістан қаласындағы «Алатау медиа» орталығында 28 маусым – ҚР Байланыс және ақпарат қызметкерлері күніне орай облыстық «Шаңырақ» байқауының жеңімпаздары мен қатысушыларын марапаттау рәсімі өтті,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Журналистер мен әлеуметтік желі қолданушылары арасында өткен байқаудың негізгі мақсаты — өңіріміздегі этносаралық достықты қалыптастыруға атсалысу, қоғамдық келісім мен бірлікті бекемдеу, еңбек адамдарының өмірін дәріптеу.

Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-нің қолдауымен ұйымдастырылған байқауға облыстық, аудандық, қалалық бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері және әлеуметтік желі қолданушылары қатысып, олар түрлі этнос өкілдерінің арасындағы мызғымас бейбітшілік пен еңбек адамдарының тыныс-тіршілігін жан-жақты насихаттады.

Байқаудың марапаттау шарасында Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-і басшысының орынбасары Ерназар Баетов БАҚ өкілдерін кәсіби мерекесімен құттықтап, байқауға қатысып, белсенділік танытқан қаламгерлерге алғысын жеткізді.

Бірлікке үндеген байқау қорытындысы бойынша қазылар алқасының шешімімен белгілі журналист Роза Нарымбетова І орын иегері атанып, қаржылай 150 000 теңгеге ие болды. Жүлделі ІІ орын иегері атанған әлеуметтік желі белсендісі Ақжүніс Қасымхан қаржылай 120 000 теңгені жеңіп алса, «Оңтүстік Қазақстан» облыстық қоғамдық-саяси газетінің аға тілшісі Бауыржан Ерман ІІІ орынды иеленіп, қаржылай 80 000 теңгені қанжығасына байлады.

Мұнан бөлек байқауға белсене қатысқан басқа да БАҚ өкілдері мен әлеуметтік желі қолданушыларына Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының басшысы Е.Күзембаевтың атынан Алғыс хаттар мен қаржылай 30 000 теңге ынталандыру сыйлықтары табысталды.

Жиын соңында «Шаңырақ» байқауына қатысқан авторлардың шығармаларына шолу жүргізілді. Бұл байқаудың қанаты кеңге жайылып, еліміздегі татулық пен бірлікті насихаттауда рөлі жоғары болғандығы атап өтілді.

x

Check Also

Бірлік секторында инженерлік инфрақұрылымды дамыту жобалары іске асуда

Бүгін Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы халықпен көшпелі кездесуін Бірлік секторының тұрғындарымен өткізді. Кездесу Ө.Жәнібеков атындағы №27 жалпы орта мектепте ...

Түркістан облысында «Браконьер» жедел профилактикалық шарасы өтіп жатыр

Республика көлемінде 20 қазан мен 19 қараша күндері аралығында «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр. Бұл туралы Түркістан облысы полиция департаментінің ...