Биыл елімізде 8 шетелдік ЖОО-ның өкілдіктері ашылады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде үздік шетелдік 5 ЖОО-ның филиалдарын ашу туралы тапсырма берген болатын, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Президент тапсырмасын тыңғылықты жүзеге асыруда.деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі.

Қазірдің өзінде 20 шетелдік білім беру ордаларына Қазақстанда өкілдік ашу туралы шақырту жіберілді. Биыл 8 филиал ашылады. ҚР ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында айтты.

Оның хабарлауынша, ведомство Қазақстанды Еуразия аймағындағы үлкен академиялық хабқа айналдыруды жоспарлап отыр. Ол үшін елге мықты шетелдік брендтерді әкелу қажет.

«23 академиялық серіктестігіміз екі-ақ жылдың ішінде ойылып ашылып жатыр. Қазақстанда 3 шетелдік мықты университеттердің кампустары ашылады. Яғни 5 санатымыз бар. Шетелдік университет Қазақстанға келіп, өз инвестициясымен ақшасын құйып, ғимаратын салып немесе сатып алып, шетелдік форматпен оқуын бастауға рұқсат бере бастадық. Олар арнайы үкіметтік қаулылармен жұмысын атқаруда. Мысалы, Алматыда De Montfort университеті. Келесі жылы тұңғыш түлектеріміз шығатын болды. Бұл британдық университет Қазақстанға келіп, өз британдық формат, қабылдау академиялық саясаты негізінде британдық бакалавриат дәрежесін беруге мүмкіндік беріп отырмыз», – деді спикер.

x

Check Also

Еліміздің 170 ауданында пәндік олимпиада өтіп жатыр (видео)

Елімізде IQanat Олимпиадасы басталды, деп хабарлайды 24kz. Республикалық білім сайысының І кезеңі 170 ауданда өтіп жатыр. Интеллектуалдық сайыста сегізінші сыныпта ...

IT мамандарымыздың жобасы әлемдік конференцияда таныстырылды (видео)

Калифорнияның Сан-Франциско қаласында әлемдік стартап жасаушы, IT мамандардың басын қосқан ірі конференция өтті, деп хабарлайды 24KZ. Silkroad Innovation Hub ұйымдастырған ...