«Worldskills Turkistan-2024» облыстық чемпионаты өз мәресіне жетті

Түркістанда техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының білімгерлері арасындағы кәсіби шеберлік байқауының жеңімпаздары анықталып, марапатталды,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Нәтижесінде республикалық кезеңге 35 құзыреттілік бойынша 45 студент жолдама алды. Салтанатты шараға облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев қатысып, жеңімпаздар мен жүлдегерлерді құттықтады.

Еліміздің жас мамандарына алған кәсіби дағдылары мен құзыреттіліктерін көрсетуге мүмкіндік беретін «WorldSkills» қозғалысы тоғызыншы жыл өткізіліп келеді. Биыл облыстық кезең 35 құзыреттілік бойынша өтті. Атап айтар болсақ, «Абилимпикс графикалық дизайн», «Абилимпикс сән технологиясы», «Агрономия», «Аспаз ісі», «CAD инженерлік графикасы», «Бастауыш білім беру», «Бизнеске арналған IТ шешімдері», «Веб технологиялар», «Дәнекерлеу технологиялары» сынды кәсіптік құзыреттіліктер бар.

WorldSkills миссиясы – кәсіптік бағдар беру, кадрларды даярлау, сарапшылар қоғамдастығын құру және еңбек өнімділігін арттыру. Халықаралық стандарттарға негізделген техникалық мамандықтар бойынша жоғары технологиялық өндірістерді кадрлармен қамтамасыз ету механизмдерін қалыптастыру.

Жыл сайын республикалық чемпионатта Түркістандық жасөспірімдер құр алақан оралған емес. Өткен жылдардың нәтижесінде жалпы облыс қоржынында 34 алтын, 19 күміс, 26 қола, 37 айрықша медальон бар.

x

Check Also

Ұстаздықпен өрілген өмір

Еңбекті өмірінің мәніне балаған, жас ұрпақтың жүрегіне жарық сәуле себуді мұрат тұтқан жан – №23 мектеп-лицейдің бастауыш сынып мұғалімі Алдасүгірова ...

Таңдау емес, тағдыр болған мамандық

Кадирова Нурлыгүл Құрманәліқызы — ұлағатты ұстаз, педагогика саласында 32 жылдық тәжірибесі бар білікті маман. Ол 1971 жылы Шардара ауданы, Байырқұм ...