«Үлгілі ауыл» атанған өңірге жаңа әлеуметтік нысан салынады

Түркістан облысында 1-наурыздан бастап «Үлгілі ауыл» облыстық байқауы басталған болатын. Аймақтарды көгалдандыру, абаттандыру және қоқыстан тазарту жұмыстарын іске асыру — байқаудың негізгі бағыттарының бірі. Сондай-ақ, демографиялық көрсеткіштің артуы, ауыл қариялары мен жастардың байланысы бағаланады. Бас жүлдеге ие болған ауылға бюджет есебінен 1 әлеуметтік нысан салуға арнайы қаражат бөлінеді. Бұл жайында облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысының орынбасары Болат Жанәбіл мәлімдеді.

— «Таза Қазақстан» республикалық экоакциясы облысымызда өтіп жатқан «Үлгілі ауыл» жобасына да серпін берді. Өңірдегі елді мекендерде адам өмiрi мен денсаулығы үшiн қолайлы ортаны қалыптастыру, жергілікті тұрғындардың мәдениеттілігін арттырып, туған жерге жанашырлықпен қарауға тәрбиелейтін жобаның берері мол. «Өнегелі ұрпақ» апталығы аясында облыс көлемінде ардагерлердің ауласын тазалау, қарттар үйлерінде абаттандыру жұмыстары жүргізіледі» — деді Болат Серікұлы.

Сондай-ақ, брифингте «Таза Қазақстан» акциясының өткен 3-аптасында атқарылған жұмыстар жөнінде энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының бөлім басшысы Тайшыман Дәулетқұл баяндады. Бүгінгі күнге дейін, «Таза өлке», «Киелі Мекен», «Жасыл аймақ» апталықтарына 352 мыңға жуық адам атсалысқан.

«Таза өлке» науқанында 4 352 шақырым көше бойлары және 120 мың шақырым аяқжолдар тазаланды. Бұдан бөлек, 608 шақырым өзен, көпір, канал бойлары және 1 380 көпқабатты тұрғын үйлердің аулалары тазаланды. Жалпы 1 225 тонна қоқыс шығарылды. Бұл жұмыстарға 14 571 адам, 692 техника тартылған. Ал «Киелі мекен» апталығында 226 ауқымды іс-шаралар өткізіліп, тарихи-мәдени орындар тазартылды. Аталған жұмыстарға облыс көлемінде 22 251 адам, 496 техника тартылып, 1 410 тонна қоқыс шығарылды. Сондай-ақ, «Жасыл аймақ» науқанында 153 мыңнан аса ағаш егіліп, 175 мыңға жуық тал түптері әктелді. Бұдан өзге, 346 саябақ-скверлер, 731 балалар ойын алаңшалары тазартылды. Жалпы жұмыстарға 22 мыңнан аса адам, 477 техника тартылып, 983 тонна қоқыс шығарылды, — деді Тайшыман Әлімханұлы.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

x

Check Also

Түркістанда халықаралық талапқа сай кілем фабрикасы салынады

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды түркиялық кәсіпкер әрі инвестор Искендер Капланмен кездесті. Кездесу барысында Түркістанда ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асыру ...

«Таза Қазақстан» шарасы басталғалы Түркістан облысында 1 млн-ға жуық тал отырғызылған

«Таза Қазақстан» шарасы аясында Түркістан облысындағы республикалық және облыстық маңызы бар жолдарға тазалық жұмыстары қарқынды жүргізілген. Бұл туралы брифингте облыстық ...