Түркістанның тұрғыны әпкесімен бірге Меккеге велосипедпен аттанды (видео)

Түркістандық әпкелі-інілі Рысқұлбековтер Меккеге бару үшін велосипедпен жолға шыққан.

Turkistan телеарнасының мәліметінше, олар кеше Төрткүл ауылынан шыққан. Жолдарына шағын азық пен қалың киімдер ғана алып, велосипедке тиеп кете барыпты.

Олардың айтуынша, қасиетті мекенге осылай жаяу бару керектігі туралы Алладан аян келіпті.

Рысқұлбековтер шамамен екі айда Меккеге жетеміз деп отыр. Олар жай бара салғаннан, еңбекпен, қиындықпен жетеннің сауабы мол дейді.

Сондай-ақ, көрген кісілер де аман-есен жетулерін тілеген. Желі қолданушылары олардың әркетін құптаған.

«Осы дұрыс сияқты, бару жолы әділ қиындықтармен. Қазіргі кезде барып жатқандар ылғи шоу қылады, табыс көзі болып жатыр», — деп пікір қалдырған видеоға қатысты.

© Turkistan телеарнасы

x

Check Also

Бірлік секторында инженерлік инфрақұрылымды дамыту жобалары іске асуда

Бүгін Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы халықпен көшпелі кездесуін Бірлік секторының тұрғындарымен өткізді. Кездесу Ө.Жәнібеков атындағы №27 жалпы орта мектепте ...

Түркістан облысында «Браконьер» жедел профилактикалық шарасы өтіп жатыр

Республика көлемінде 20 қазан мен 19 қараша күндері аралығында «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр. Бұл туралы Түркістан облысы полиция департаментінің ...