Облыс орталығында тұрғындар арасында салауатты өмір салтын ұстануды дәріптеу мақсатында «ЖАЗҒЫ демалыс спортпен» ашық алаң ойындары басталған болатын,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Түркістан қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Дәстүрлі өтетін спорт маусымы 27- мамырда басталып, маусым айының соңына дейін өтеді деп жоспарланған.
Шара басталғалы 1000-ға тарта қала тұрғыны белсенділік танытып, жазғы спорт түрлерінен жарысқа түсті.
Жарыстың ең жас қатысушысы 6 жаста болса, ең үлкені 58 жастағы тұрғын қызықты ойын көрсетті.
Бүгінгі ашық алаң ойындарының кезекті жарыс күнінде 150-ге тарта түркістандық бақ сынады.
Онда қатысушылар белтемірге тартылу, ләңгі тебу, қол күрес сондай- ақ, стритболдан жарысқа түсті.
Айта кетейік, ашық алаң ойындары ертең Яссы секторының Ж.Тәшенов атындағы №23 IT мектеп-лицейі ашық алаңда жалғасады. Онда қатысушылар футбол мен ләңгі тебуден жарысады.