Түркістанда жазғы ашық алаң ойындары өтуде

Облыс орталығында жазғы ашық алаң ойындары басталды.

Дәстүрлі ұйымдастырылатын сайысқа 6 жастан 18 жасқа дейінгі сектор тұрғындары қатысуда. Олар: дойбы, секіргішпен секіру, асық ату мен тоғызқұмалақ және ләңгі тебуден бақтарын сынауда.

16-17 мамыр аралығында өтетін ойында тұрғындар арасында салауатты өмір салтын ұстануды насихаттау, бұқаралық спортты дамыту көзделген.

Жарыстың алғашқы күнінде бүгін 500 тұрғын бақ сынады.

Жарысқа қатысушы үшін арнайы бекітілген мекен-жайлар:
Ж.Жабаев атындағы мектеп алдындағы ашық алаңға
Т.Бокин көшесіндегі тұрғын үйдің ашық алаңына
Абылай хан көшесіндегі тұрғын үй ашық алаңындағы ұйымдастырушыларға барып, тіркеле аласыздар.

Айта кетейік, жарыс 16-17 мамыр күндері сағат 18:00 мен 20:00 аралығында өтеді.

x

Check Also

Түркістан: Шардарадағы жүгері өңдеу зауытында 500-ден аса жұмыс орны құрылады

Облыс көлемінде өңдеу өнеркәсібі ұдайы даму үстінде. Бұл бағытта бірқатар жобалар жүзеге асса, енді бірі ашылуға жақын. Соның бірі – ...

Туркестан: Пляжи в Шардаре приведены в порядок, туристам предоставляются качественные услуги

С начала купального сезона на пляжных территориях Туркестанской области усилили меры безопасности и чистоты. На пляжах в Шардаре устранили раннее ...