Түркістанда 80 субұрқақ істеп тұр

Облыс орталығында субұрқақтар маусымы ашылды,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Түркістан қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бүгінде 80 субұрқақ шаһардағы Гүлдер саябағы, Рәміздер алаңы, Түркі бағы мен желелік саябақта, сондай-ақ, Әкімшілік- іскерлік орталық, мәдени-рухани орталық, аумақтарында таңғы 10:00-ден кешкі 00:00-ге дейін жұмыс жасауда.

Айта кетейік, субұрқақтар аптасына екі рет тазаланып, тексерістен өткізіледі.

Көңіл күйі

Түркістанның көшелері ылғи бақ,
Кеудесінен бұлақ аққан құлдилап.
Жүре берсем, жүре берсем, дариға,
Қыз құшақтап, гүл иіскеп, сыр жинап.
Махаббаттың келеріне кім сенген,
Жаным ада болмай тұрып нұр селден,
Өткізбес пе ем осында кеп жастықты
Қашан ғашық боларымды білсем мен.
Оқасы жоқ оралмаса ол қалсын,
Туған елім өзің аман болғайсың.
Жастығымды қаншама рет сұрасам,
Соншама рет оралтатын сен барсың.

Өлен авторы: Ғафу Қайырбеков
Суретті түсірген: Жасұлан Сейдазым

x

Check Also

Түркістан қаласы әкімінің халықпен кездесуі басталды

Бүгін Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлының қала аумағындағы 6 сектор бойынша кезекті халықпен кездесуі Яссы секторынан басталды. Кездесу барысында қала ...

Түркістанда биыл 3000-нан аса пәтер пайдалануға беріледі

Түркістан қаласында биыл 944 пәтерлі 11 тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланған. Жыл басынан бері жоспарға сәйкес, 4 үйдің құрылысы аяқталып, ...