Түркістан облысында нашақорлыққа қарсы күрес айы басталды

Түркістан облысында нашақорлыққа қарсы жаппай күрес айы басталды. Жиын халықаралық нашақорлық және есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес күніне орай ұйымдастырылған. Шараның ашылуына облыс әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібаев, Түркістан облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары Құрманбек Сахов арнайы қатысты.

«Түркістан облысында «Есірткісіз болашақ!» ұранымен нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы айлық іс-шарасы басталды. Облыс жастары мен балалар арасында есірткіге қарсы иммунитет және салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатындағы шараның маңыздылығы бөлек. Еліміздің өркендеуіне, дамыған елдердің қатарына қосылуына және денсаулығы мықты елді қалыптастыру жолында және киелі қаламыздың дамуына аянбай еңбек етіп, баршаңызды Жаңа Қазақстанды бірге құруға шақырамын»- деді.

Облыста 2024 жылдың 4 айында есірткінің заңсыз айналымына қатысты 289 дерек анықталған. Оның ішінде есірткі сату бойынша 12 дерек, есірткіні контрабандалық жолмен тасымалдау бойынша 64 жайт тіркелген. Заңсыз айналымнан 116,6 келі есірткі заттары тәркіленді. Сондай-ақ, биылғы 3 айда синтетикалық есірткіні жарнамалаған 60 ақпараттық сайт бұғатталған.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

x

Check Also

Түркістанда Шауғар тұрғындарының мәселелері тыңдалды

Бүгін Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы кезекті көшпелі кездесу аясында Шауғар секторының тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында қала басшысы 2024 жылы ...

Түркістан қаласы, Сауран секторында инфрақұрылымдық жобалар қарқынды жүзеге асырылады

Бүгін Түркістан қаласының әкімі кезекті көшпелі кездесулер аясында Әзімбек Пазылбекұлы Сауран секторының тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында қала басшысы 2024 жылы ...