Түркістан облысы әкімінің оқу жылының аяқталуымен құттықтауы

Ардақты ұстаздар!
Құрметті оқушылар мен мектеп бітіруші түлектер!

Сіздерді тағы бір оқу жылының сәтті аяқталуымен құттықтаймын!

Мектеп – үлкен өмірге қадамды нықтайтын кеме, білім – теңіз. Сіздер білім теңізінде желкендеріңізді керіп, жарқын болашаққа адымдап барасыздар.

Біз де оқушы болдық, ұстаз тәлімін алдық. Сондықтан 25 мамырда соғылатын «соңғы қоңыраудың» орны айрықша.

Биыл облыста 32306 оқушы 11-сыныпты бітіреді. Оның 1727-сі «Алтын белгі» белгісіне үміткер болса, ал жалпы орта білім беру туралы «Үздік аттестатқа» 2466 үміткер бар. Сондай-ақ 9-сыныпты 45416 оқушы бітірмек. Негізгі білім туралы «Үздік аттестатқа» 4540 үміткер тіркеліп отыр. ҰБТ-ға 27340 оқушы қатысуға өтінім білдірген.

Қадамдарыңызға сәттілік тілеймін! Армандарыңызға жетіңіздер!

Ұлағатты ұстаздар!
Білімді ұрпақ өсіруде еткен еңбектеріңіздің жемісін көріңіздер. Абыройларыңыз асқақ, мерейлеріңіз үстем болсын!

Мектеп бітіруші түлектер!
Жылдар бойы алған білімдеріңіз бен бойға сіңірген тәрбиелеріңіз өмір бойы сіздерге азық болсын! Жаңа өмірге қадамдарыңыз оң болсын! Ата-аналарыңыз бен ұстаздарыңыздың үмітін ақтаңыздар! Сәттілік!

Дархан САТЫБАЛДЫ,
Түркістан облысының әкімі

x

Check Also

Президент: Түркістан облысында бу-газ құрылғысына негізделген электр стансасы салынады

2025 жылдың наурыз айында Бурабайда өткен 4-ші Ұлттық құрылтай еліміздің қоғамдық-саяси реформаларын талқылаудағы маңызды кезең болды. Бұл құрылтайға Қазақстанның әр ...

Түркістан облысында «Жасөспірім» жедел-профилактикалық шарасы өтіп жатыр

Бұл туралы брифингте Түркістан облысы Полиция департаментінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Мұхтар Туғанбаев айтты. «Бүгінде жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық ...