Тіл оқыту орталықтарында I тоқсан ішінде 1868 адам қазақ тілін оқыған

Облыс әкімінің 2023 жылғы 16 қарашадағы №248 қаулысымен «Түркістан облысында Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асырудағы іс-қимыл жоспары» бекітілген,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жоспарға сәйкес мемлекеттік тілдің рөлін күшейту бойынша мемлекеттік тілді меңгерген тұрғындардың үлесі 2023 жылдың қорытындысы бойынша 91,5% құрады. Ал биыл 92% пайызға жеткізу жоспарланған. Бүгінде облыстағы өзге ұлт өкілдерінің 74 пайызы қазақ тілінде сөйлесе алады.

Биылғы І тоқсанында тіл оқыту орталықтарында 1868 адам қазақ тілін оқыса, оның 607-сі өзге этностар. Облыста 17 тіл оқыту орталығы жұмыс істейді. Орталықта ересек тұрғындарға үш тіл, атап айтсақ, қазақ, орыс, ағылшын тілдері үйретіледі. Орталықтарда 51 оқытушы жұмыс істейді. 2023 жылда қазақ тілін 2754 адам, орыс тілін 1786, ағылшын тілін 1488 адам оқыған.

x

Check Also

Бірлік секторында инженерлік инфрақұрылымды дамыту жобалары іске асуда

Бүгін Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы халықпен көшпелі кездесуін Бірлік секторының тұрғындарымен өткізді. Кездесу Ө.Жәнібеков атындағы №27 жалпы орта мектепте ...

Түркістан облысында «Браконьер» жедел профилактикалық шарасы өтіп жатыр

Республика көлемінде 20 қазан мен 19 қараша күндері аралығында «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр. Бұл туралы Түркістан облысы полиция департаментінің ...