Тарихы терең қос диірмен

Сауран ауданы, Оранғай елдімекен тұрғындары мен ауыл ақсақалдары ХІХ аяғында пайдалануға берілген «Қос диірмен» тарихынан сыр шертті. Аймақ тарихында аты аңызға айналған «Қос диірмен» қазіргі Оранғай елдімекенінде орналасқан,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Сауран ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл диірмен шамамен 1800 -1900 жылдар арасында құрылған. Жергілікті халық, Қаратау бөктерінен ағысын бастайтын Қарашық өзенінің қатты ағысымен келетін мол судың төменгі арнасын ұтымды пайдаланып, ығайлы жеріне қолдан жасалған үлкен екі жалпақ дөңгелек тәрізді тастарды бір-біріне беттестіріп құралған қос диірмен тұрғызылған.

Диірмен жұмыстарына қолданылған тастары мен тіреуіш ағаштары, өзеннен келетін су арналары осы күнге дейін сақталған. Онда шамамен тәулігіне үш, төрт тонна бидайды өңдеп екі тоннадай таза ұн өнімін шығарып отырған. 1930-1933 жылдарғы ашаршылық кезеңдерінде көптеген халықтар осы диірмен маңына ағыла келіп, өздерінің қолдарында бар дәнді дақылдарынан (бидай, жүгері) ұн жасатқан. Яғни, бұл диірмендер қазіргі Түркістан, Қызылорда облыстарының Созақ, Кентау, Түркістан, Жаңақорған, Шиелі қалалары мен аудандарының сол кезеңдегі тұрғындарына қызмет атқарған.

Диірмендер 1973 жылға дейін жұмыс істеп келген. Аталмыш мәліметтерде диірменді 1973 жылға дейін жұмысын істеп, бас көз болып келген соңғы диірменші болған марқұм 1900 жылы туылған Абдувохабұлы Тажимухаммад атамыздың ұлы, 1956 жылы туылған Абдувохабов Тайыр мәлімдеді.

x

Check Also

Түркістан облыстық мәслихатының тұрақты комиссиясында сәулет және қала құрылысы басқармасының есебі тыңдалды

Түркістан облыстық мәслихатының төрағасы Нұралы Әбішовтың өкімімен құрылған уақытша депутаттық комиссия отырысы өткізіліп, өңірдегі сәулет және қала құрылысы саласындағы мәселелер ...

В Келесе прошла осенняя акция по посадке деревьев «Посади бесплатный саженец»

В центре Келесского района в селе Абай прошла осенняя акция «Посади бесплатный саженец». В акции приняли участие сотрудники районного акимата, ...