Шымкентте өрт тактикалық оқу-жаттығуы өтті

Шымкент қаласында «Өрт-2024» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығу шеңберінде «Жасыл белдеу» базасында өрт-тактикалық оқу-жаттығуы өтті,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мақсаты орман-дала өрттерін сөндіру кезінде орман шаруашылықтары мен азаматтық қорғау қызметтерінің өзара іс-қимылын пысықтау.

Жалпы жаз және күз мезгілдерінде өрттің қаупі жоғары. Көп жағдайда жалын егін қалдықтары, қураған шөп және тұрмыстық қоқыстардың тұтануынан басталады. Сәйкесінше өрт тез таралады. Сондықтан тілсіз жау кезінде Азаматтық қорғау қызметтерінің бірлесіп іс-әрекет ету жылдамдығы мен кәсібилігі өте маңызды. Жаттығуда тілсіз жау кезіндегі дайындық барысы тексерілді.

Аталған іс-шараға төтенше жағдайларды жою жетекшісі Айдын Кәрімов пен Шымкент қаласы ТЖ департаментінің бастығы Қуанар Базарбаев қатысты.

Қорытындыға сәйкес, азаматтық қорғау қызметтерінің өрт қауіпті кезеңге дайындығы бойынша тыңдалым өтті. А.Кәрімов азаматтық қорғау қызметтері бойынша тиісті тапсырмалар берді.

“Орын алған төтенше жағдайлардың алдын ала отырып, оларды дер кезінде жою барлығымыздың міндетіміз. Қаламызда азаматтық қорғау қызметтер құрылған, тиісті міндеттер бекітілген. Тапсырылған міндеттер мен жұмыстарды барлығымыз бірлесіп атқаруымыз қажет, соның ішінде уақытылы жету және уақытылы ден қою маңызды”,- деді Айдын Мейрамбекұлы.

Айта кетейік, өрт — тактикалық оқу-жаттығуына азаматтық қорғау қызметінен жалпы 297 адам және 79 бірлік техника қатысты.

x

Check Also

Шымкентте 2 мыңға жуық жұмыс орны ұсынылған еңбек жәрмеңкесі өтті

Шымкентте еңбек нарығындағы белсенділік артып келеді. Бүгін қаладағы Көрме орталығында «Еңбек – өмірдің тұтқасы» атты кең ауқымды бос жұмыс орындары ...

Шымкент: Қала басшысы поляктың «Selena group» холдингі өкілдерімен кезекті рет кездесу өткізді

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков поляктың «Selena Group» холдингі өкілдерімен кезекті рет кездесу өткізді. Әкім Компания президенті Славомир Майхровски ...