Шымкентке радиофармацевтикалық препараттар әуе жолымен тасымалданады

Қала әкімдігінің Шымкент қаласының Әуежай басшылығымен жүргізген келіссөздері нәтижесінде бұдан былай радиофармацевтикалық препараттар (РФП) тік ұшақтар арқылы жеткізілетін болды. Бұл ең алдымен қатерлі ісікке шалдыққан науқастарды дер кезінде анықтап, емдеу шараларының тиімділігін арттырады,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шымкент қалалық онкологиялық орталығы жанынан 2022 жылы «MIG QAZAQSTAN» ядролық медицина орталығы ашылған болатын. Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік шеңберінде іске қосылған орталық заманауи технологиялық аппараттардың көмегімен қатерлі ісікті ерте кезеңде анықтауға, науқастарға дер кезінде медициналық көмек көрсетуге мүмкіндік беріп отыр. Орталық дәрігерлері радиофармпрепаратты науқасқа көктамыр ішіне енгізеді, оның дозасы пациенттің дене салмағына, бойына қарай есептеледі. Радиофармпрепарат бүкіл денеге таралғаннан кейін, шамамен бір сағат ішінде пациентке Позитронды – эмиссионды томография/компьютерлік томография (ПЭТ/КТ) арқылы диагностикалық зерттеу жүргізіледі.

Препарат құрамы 2-фтор, F химиялық түріндегі фтор-18 бар натрий хлоридінің изотоникалық ерітіндісі болып табылады. Фтор-18 радионуклидінің ыдырау мерзімі 109 минутты құрайды. Бұл препарат ПЭТ/КТ көмегімен диагностикалық зерттеу ретінде әртүрлі нозологиялық нысандар мен локализациядағы қатерлі ісіктерді дифференциалды диагностикалау, қатерлі ісіктердің таралуы мен сатысын анықтау, ісіктерді емдеудің тиімділігін бағалау үшін қолданылады.

Қатерлі ісікке қарсы күрестің 2023-2027 жылдарға арналған кешенді жоспарында қарастырылған осындай ем шаралардың нәтижесінде бүгінде науқастар өмірі айтарлықтай ұзаруда.

РФП осыған дейін арнайы жабдықталған көлік құралы арқылы Алматы қаласындағы Ядролық физика институтынан ұзағымен 2 сағат ішінде жеткізілетіндіктен, қуаттылығы төмендеп, аз науқасқа ғана жететін. Себебі бұл препарат 109 минут сайын жартылай күшін жоғалтады. Ал әуе жолымен тасымалдау арқасында жолға небәрі 2 – 3 сағат жұмсалатындықтан, көп науқасты қамтуға мүмкіндік туады.

Күні ертең қаламызға әуе жолы арқылы сынақ ретінде РФП орнына сұйықтық жеткізіледі. Қатерлі ісікке шалдыққан науқастар үшін маңызды препараттың мұндай жолмен жеткізілуі тиімділігін көрсеткеннен кейін сұранысқа орай препараттардың қажетті көлемі жеткізіліп отырады.

x

Check Also

Шымкентте 2024-2025 жылдардағы жылыту маусымының қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары күшейтілуде

Шымкент қаласында 2024-2025 жылдардағы жылыту маусымында төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатыр. Осы мақсатта 15 тамыз бен ...

Түркістанда АИТВ инфекциясына қарсы күрес жұмыстары тұрақты жүргізіліп келеді

Түркістан облысында АИТВ инфекциясына қарсы күрес жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп келеді. Жыл басынан бері облыстық «АИТВ-ның алдын алу және онымен ...