“Сейітжан қари Есжанұлы» атындағы үлкен мешіттің ашылуына шақырамыз

Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары!

Имани тәрбие беріліп, асыл дінімізді насихаттайтын құтты мекен — “Сейітжан қари Есжанұлы атындағы үлкен мешіттің” ашылуын қуана-қуана хабарлаймыз.

Құлшылық ордасының ресми ашылу салтанаты ин ша Аллаһ, қасиетті Жұма, 2024 жылдың 24 мамыр күні, сағ. 13.00-де өтеді.
Мешіттің салтанатты ашылуына орай сағат 13:20-да жұма намазы оқылатындығын хабарлаймыз.

Жаратушымыз Алла Тағала сіз бен біз болып қуанышты сәтті бірге бөлісуді нәсіп етсін!

Мешітіміз жүрегі иманға толы жамағатқа толып, ел, қоғам игілігі үшін қызмет етсін! Әмин!

Мекен-жайы: «Нұрсәт» шағын ауданы, Н.Назарбаев даңғылы.

Анықтама (south-oil.com сайтынан алынды)

Бұл мешіт халқы көп қоныстанған жас мегаполистің ортасында — Шымкент қаласының жаңа әкімшілік-іскерлік орталығында бой көтеруде. Аяқталмаған құрылыс кезеңінде де мешіт қаланың көптеген аудандарынан жақсы көрініп тұр, ал құрылыс аяқталғаннан кейін сәулеттік жарықтандырылған ақ мәрмәр күмбезі мен мұнаралары дінді ұстанушылар үшін нақты бағдар болады.

Мешіт ғимаратына бірден 12 мыңға жуық мінәрәт етушілердің сыю мүмкіндігі бар. Өзі ерекше үлкен көлемді болса да, қаладағы басқа құрылыстармен оңай жарасып кеткенін атап өтуге болды. Ғимараттар кешенімен өңірдегі ең үлкен мешіт 12 га учаскеде салынуда, құрылысты «Мұнай Құрылыс Сервис» ЖШС еншілес компаниясы жүргізуде.

Мешітті желдету үшін жазда дезинфекциялау және салқындату, қыста жылыту үшін арнайы жабдық арқылы өтетін табиғи ағынды ауа қолданылады. Бұл технология Мәскеудегі метроның құрылысына қолданылған. Құрылыс барысында Қожа Ахмет Ясауи кесенесін салу кезінде қолданылған ерте кездегі сәулет технологиялары ескерілді. Бұл негізгі желдетуге көмекші ретінде табиғи желдетуді қолдану принципі.

Басқа да инновациялық шешімдер қолданылды. Мешітке кірер алдында 10000 адамға дейін сыятын алаң бар. Қолайсыз ауа-райынан қорғау үшін Меккеде орналасқан Әл-Харам мешітіне ұқсас ашылатын қолшатырлар жүйесі қарастырылған. Кешенді субұрқақтар каскадтарымен кезектесетін жасыл желектер қоршап тұр.

Мешітті жобалау кезінде жұмыс тобы Абу-Даби қаласына (БАӘ) барып, Сұлтан ибн бен Заид Әл-Нахаянның әдемі мешітін мұқият зерттеді.

Жобаның авторы және құрылыстың идеясын ұсынушы «САУТС-ОЙЛ» компаниясының басшысы Серікжан Сейітжанұлы, ол өзінің арманының қалай жүзеге асқанын былайша баяндайды:

-Абу-Даби қаласында әлемдегі ең үлкен үштікке кіретін – Шейх Заидтің үлкен мешіті бар. Шейх Заид ибн Сұлтан Әл-Нахаянды Біріккен Араб Әмірліктерінің әкесі деп атайды, ол елдің бірінші президенті болды, Әмірліктерді халықаралық аренаға шығарды. Ол Ұлы мешіт салуды 1996 жылы бастады, ал 2004 жылы мешіт аумағында жерленді.

Мен Шейх Заидтің үлкен мешітінде бірнеше рет болдым – көрген кезде қатты таңғалдым. Алдымен арманым пайда болды, содан кейін — Шымкентте ақ мәрмәрмен үлкен қардай аппақ Ақ мешіт салу мақсаты келді.

Біз мәрмәр өндірілетін барлық жерлерді зерттедік, қардай аппақ мәрмәрді Түркиядан, Муглы қаласынан таптық. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының мамандарымен кеңесіп, біз мешітті классикалық ислам стилінде ғана емес, сонымен қатар ұлттық бояумен үйлестіріп жасауды шештік.

Мешіт кешенінде 1000 орынға лайықталған конгресс-холл, неке қию сарайы, ислам тарихының мұражайы, әйелдерге арналған оқу орны, медресе, кітап оқитын залы бар кітапхана, әкімшілік бөлмелер, телеорталық, фитнес орталық пен 1000 орынға шақталған асхана орналасқан. 1000 автокөлікке арналған үш- деңгейлі жерасты паркингі, лифт, эскалаторлар және мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған паркинг те қарастырылған.

Мешіт – құлшылық, дұға ету орны және бір-бірімен жақын қарым-қатынасқа ықпал ететін дін ұстанушыларды жинау орталығы. Мешіттің тағы бір үлкен қызметі – ағарту, өйткені мұнда келушілер өмірдің мәні мен адам өміріндегі маңызды әрекеттер туралы ойла- нады, жаңа білім алады.

Сейітжан қари Есжанұлы атындағы жаңа мешіт оңтүстік өңірі тұрғындарының рухани орталығы ғана болмай, Шымкент қаласының көрнекті орындарының біріне айналмақ.

x

Check Also

Шымкентте 2024-2025 жылдардағы жылыту маусымының қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары күшейтілуде

Шымкент қаласында 2024-2025 жылдардағы жылыту маусымында төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатыр. Осы мақсатта 15 тамыз бен ...

Шымкент: Дабыл жүйесі тексеріледі! Проверка системы оповещения!

Құрметті Шымкент қаласының тұрғындары мен қонақтары! 21 қараша күні сағат 11:00-де «Қыс-2024» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығулары аясында “Дабыл жүйесін тексеру” жүргізіледі. ...