Саураннан Самарқандқа достық керуені жолға шықты (видео)

Сауран ауданының әкімі Мақсат Таңғатаровтың бастамасымен ауданнан арнайы делегация құрылып, Самарқанд қаласына үш күндік сапарға шықты.

Топ құрамында 35 адамнан құралған ақсақалдар мен ардагерлер бар. Одан бөлек, қоғамдық ұйым төрағалары мен өзбек этномәдени бірлестігінің мүшелері бар.

Аталмыш шара этносаралық татулықты нығайту, достық пен келісімді сақтау мақсатында ұйымдастырылған. Сапар барысында делегация мүшелері тарихи шаһар Самарқандтың көрікті жерлерімен танысады. Сондай-ақ, тарихи-мәдени орталықтарында кездесу өткізу жоспарланған.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

© «Turkistan» телеарнасы

x

Check Also

Түркістанда Шауғар тұрғындарының мәселелері тыңдалды

Бүгін Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы кезекті көшпелі кездесу аясында Шауғар секторының тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында қала басшысы 2024 жылы ...

Түркістан қаласы, Сауран секторында инфрақұрылымдық жобалар қарқынды жүзеге асырылады

Бүгін Түркістан қаласының әкімі кезекті көшпелі кездесулер аясында Әзімбек Пазылбекұлы Сауран секторының тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында қала басшысы 2024 жылы ...