Сауранда шаруалар су үнемдеу технологиясына көшуде

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында құрғақшылық пен су тапшылығы мәселесін көтеріп, су үнемдеу технологиясын кең ауқымда қолдануды тапсырған. Осы бағытта облыс әкімі Дархан Сатыбалды егін шаруашылығында жаңа бастамаларды қолдап, шаруаларға мол мүмкіндіктер ұсынуда.

Жаңбырлатып суару микроклиматты өзгертіп, өсімдіктердің жақсы өсуіне жағдай жасайды. Ауаның жер бетіне жақын қабатының ылғалдануына байланысты оның температурасы төмендеп, ылғалдылығы артады. Суару кезінде ауаға жаңбырлатып шашыратылатын су оттегі, көмір қышқылы және азоттық газға ұқсас қосындыларымен байытылады. Су өсімдік бетіндегі шаң мен балшықты шайып, олардың өнімділігін арттырады.

Осы негізде саурандық Жеңісхан Тойбеков «Тауекел Агро» шаруа қожалығының иесі су үнемдеу технологиясына жаппай көшуде. Жаңа технологиямен қарқынды жұмыс жасалынып жатқанын бақылаған аудан басшысы Мақсат Таңғатаров егістік алқабына арнайы барды. Бүгінде 210 гектарға жаңбырлатып суару әдісі арқылы Плата жоңышқа тұқымын егу жұмыстарын бастаған. Алдағы жылда егін аумағын 500 гектарға ұлғайтуды жоспарлауда. Егістік алқабына сегіз скважина қазылған.

Жаңбырлатып суару жабдықтарын сатып алуға 50% — дан 80% — ға дейін техника шығындары мемлекет тарапынан субсидияланған. Бұл технология арқылы шамамен 2,1 текше метр шақырым суды үнемдеуге, сондай-ақ ауыл шаруашылығы өнімінің өнімділігін 1,5 — 2 есеге арттыруға мүмкіндік береді.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

x

Check Also

Түркістанда халықаралық талапқа сай кілем фабрикасы салынады

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды түркиялық кәсіпкер әрі инвестор Искендер Капланмен кездесті. Кездесу барысында Түркістанда ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асыру ...

«Таза Қазақстан» шарасы басталғалы Түркістан облысында 1 млн-ға жуық тал отырғызылған

«Таза Қазақстан» шарасы аясында Түркістан облысындағы республикалық және облыстық маңызы бар жолдарға тазалық жұмыстары қарқынды жүргізілген. Бұл туралы брифингте облыстық ...